∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Сағат
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Бір байдың Сағатбек деген ұлы, Нұржамал деген қызы болыпты. Бірде жьлқыларын аралап жүрген Сағатқа бес ұры кездеседі. Содан бесеуі “қонақпыз” деп, Сағаттың әкесінің үйіне түседі. Нұржамал шалдың қолындағы алтын кездікті танып, ағасының бір бәлеге ұшырағанын біледі. Елге хабар беріп, халық жиналып келеді де, бесеуін байлап тастайды. Жастар шындықты айтып, Сағатты өлтірген жерді көрсетеді. Сағаттың денесі ол жерде жоқ болып шығады. Шала бауыздалған Сағат есін жиып, шошығанынан беті ауған жаққа жүре береді. Жолда бір керуенге кездесіп, керуенбасы оны кісі өлтіріп жүрген қашқын шығар деген күдікпен ас пісіретін малай етеді. Керуен бір шаһарға келіп, ол қаланың патшасы бәрін қонақ етеді. Бала басынан өткенін айтады. Патша оның сөзіне сенеді де, ұлына серік қылады. Сөзге шешен, палуан Сағат бүкіл елді таңырқатады. Уәзірлер одан құтылудың амальш іздейді. Ел шауып, керуен тонаған Сыбай деген залым деп жала жауып, зынданға салады. Зынданда жатқан Сағат түсінде ата- анасы мен қарындасын көреді. Жолдастары түсін жақсылыққа жорып, еліннен іздеушілер шықса керек дейді. Сағатгы іздеп шыққан елінің адамдары оны тауып, аман-есен еліне қайтады.
Қолжазбаның атауы
Рүстем — Зарап
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Оқиға Иран жерінде өткен. Иран батыры Рүстем аңға шығып, атынан айырылады. Сөйтіп жаяулап Саманған шаһарына жетеді. Осы жерде Саманғанның ханының жалғыз қызы Тахминаға үйленеді. Және әйеліне алтын қосып тоқылған орамал қалдырады. Тахмина Зарап есімді ұл туады. Ұлы Зарап күшті, алып болып өседі. Әкесінің ер Рүстем екенін және оның батыр болмай келмесін деген өсиетін естіп, Иран еліне соғыс ашпаққа аттанады. ТҰран патшасы Афрасиаб пен әскер басы Баһарман екеуі әке мен баланы бір-біріне айдап салу жоспарын ойлайды.
Қолжазбаның атауы
Рауа бану
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Рауа бану – адал, жаны таза әйел туралы дастан. Күйеуі жоқшылықтан құтылып, мал табу үшін алысқа сапар шегеді. Сол кезде қайнысы Рауа бануға қастық етіп, қазыларға айтып, жаламен жаза кестіреді. Өлейін деп жатқан жерінен Рауа бануды бір саудагер тауып алады. Одан кемемен теңізге алып кетеді. Сұлуды ол да қорламақ болады. Назаланған Рауа банудың тілегі бойынша дауыл соғып, кемені қиратады. Аман қалған әйел бір елдің патшасына келіп паналайды. Ол ғаріпке көмектесіп, өзі өлерде орнына патша сайламақ болады. Рауа бану патшалықтан бас тартады. Тәуіп болып атағы шығады. Алыс сапардан қайтқан күйеуі жаны адал әйелін түсінеді.
Қолжазбаның атауы
Папорша
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Ертеде бір Папор деген патша өтіпті. Лақап аты – Папорша екен. Өте ақылды, дана уәзірі болыпты. Бір күні уәзір патшаға келеді. Патша тез тұрып, уәзірге қарай жүреді. Уәзір не болғанын сұрайды. Патша: «Түсімде керемет бір сұлу қызды көрдім. Соған ғашықпын», – дейді. Ол қызды табу үшін уәзір үлкен қылып суретін салдырып, қақпаның жанына іліп қояды. «Кім біледі қыздың жайын?», – деп сұрау салады. Бір күні келе жатқан жолаушы қызды таниды. Ол: «Бұл қыз – Рұм патшасының қызы», – дейді. Патша Рүм патшасына жүрмек болады. Уәзірін ертіп, қыздың сарайына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Орақ-Тағай
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Бұрынғы заманда Әли би мен Шаған би деген екі дәулетті адам болады. Әли бидің он сегіз ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады. Әли бидің кемпірі ұл тауып, атын Тағай қояды. Қалмақтың ханының жалғыз ұлы Орақ пен Тағайдың күресі туралы жырланады
Қолжазбаның атауы
Ораз молда
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Ораз молда ақылды, білімді болған. Бағдат шаһарында тұрған. Бір қызға үйленеді, бірақ көңілінен шықпаған соң, қоя береді. Сонан соң төрт жастағы бір қыз баланы асырап алып, бір аралда бөлек сарай салдырып, сонда ешкімге көрсетпей өсіреді. Қызды Ораз некелеп алады.
Қолжазбаның атауы
Оқиға Әдеһим сопыдан
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Ибраһим атты ақкөңіл, адал ниетті патшаның жалғыз, сүлу да ақылды қызы болады. Қызы бір күні нөкер қыздарымен бау-шарбақга үйықтап қалады. Содан тіл тиді ме, суық тиді ме қызы қатты ауырып, жанына батады. Апармаған молда, қожалары қалмайды. Еш ем қонбай, қайтыс болады. Патша қызын жерлеп, ауыр қайғыға батады. Әдеһим атты софы кеш болса, шырақ жағып зират кезеді екен. Ол жаңа көмген қабірге кез болады. Қабірден адам даусы шыкқан соң, қабірді ашьш, қызды құтқарады. Қыз өзін ешкімге көрсетпей, Әдеһим үйіне апаруын өтінеді. Әдеһимге жіп, ине алғызып ақыреттен көйлек тігіп алады. Ол екеуі жерден қазылған үйді мекен етеді. Молда шақырып, некелерін қидыртады.
Қолжазбаның атауы
Мың сауал дастаны
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Үрім патшасының әділ де, халыкқа сыйлы Мәлік атты патшасы, бір балаға зар боп жүргенде, халық тілегі қабыл болып, Мәлике атты сүлу, әрі ақылды қызы туылады. Мәлике жиырма жасқа толғанда әкесі өліп, алтын таққа қызы отырады. Бір күні Мәлике халқын жинап, өзінің мың түрлі сауалына жауап берген жігітке күйеуге шықпақшы болады. Ешкім шеше алмаған сауалдарды Түркістан топырағынан келген белгісіз бір мүсәпір жігіт шешіп, екеуі үйленіп, бақытты өмір сүреді.