∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жетім Құбыл / جەتىم قۇبىل

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жетім Құбыл / جەتىم قۇبىل
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мәлім Сейітмағамбетов.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
641, 7-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 82; Ж. 20; 17,5×20,5; 8×17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба бір жолды қалың дәптерге көк сиямен жазылған. Қолжазбаның 72,73,68,69,64-беттерінде сия жайылып кеткен жерлері бар.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Жетім қалған Құбыл Армұз шаһарының патшасы Қалетшеден қорлық көреді. Сыдық пен Ғасыр уәзірлердің көмегімен зынданнан қашып құтылады. Қалетше жау келе жатқанын естіп, тауға қашады. Жау Армұз қаласын ұрыссыз басып алады. Тауда қаңғып жүрген Қалетше келе жатқан Құбылды танып, одан кешірім сұрайды. Құбыл Иран батырымен айқасып, жеңіске жетеді әрі дінді қабылдайды. Кейін Қалетше патшаның қызы Күләнтайға үйленіп, мұратына жетеді.
13. Басы:
Бісміллә сөздің шырыны…
14. Соңы:
Жазмангер ердің дастаны.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев