∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жаһангер жетім

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жаһангер жетім
3. Авторы (Айтушы)
Жыршыс: Нұралы Нысанбайұлы. Айтушысы: Орал Қалдыбайұлы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мырзалы. Мамандығы – мұғалім. Төткен облысы, Жаңа жол ауданы, Шверник атындағы колхозда тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/107
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 4–129; Ж. 25; 29,5×18,5; 24,5×12,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Армұз патшасы Жаһанша мен уәзірі Халибша балалары дүниеге келсе, құда болуға уәделеседі. Жаһангер мен Гүләйша туады, бірақ Жаһанша қайтыс болған соң, Халибша сертін бұзып, Жаһангерді қуып жібереді. Жаһангер Сыдық пен Ғасырдың көмегімен Халибшадан кегін алып, кейін онымен татуласады. Еренді жеңіп, Мірді Армұздан қуған соң, Гүләйшаға үйленеді.
13. Басы:
Бисмилла сөз ұлығы…
14. Соңы:
Тамам болды осымен, Жетімше жетіп мұратқа.
15. Қосымша мәлімет
Мазмұны Жаһангер Құбыл дастанымен ұқсас.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев