∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Той бастар
Қолжазбаның жанры
Тойбастар
Қысқаша мазмұны
Ежелден келе жатқан жосынды сақтай отырып, той бастайтын ақын жігіт тойшыл қауымның көңіліндегісін дөп басып айтып, той мерейін асыра түседі. Құдайдың берген несібесін елмен бөлісіп отырған жомарт жандардың жақсылығын да тіліне тиек етіп, жұртқа таныстыра кетеді. Осылайша ары қарай тойдың өз деңгейінде қуанышты өтуіне деген ақ тілегімен тойды бастап береді.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
Тойбастар
Қысқаша мазмұны
Мәтінді жазып алу кезінде кейбір сөздер мен өлең жолдары танылмай қалған. Атауы тойбастар деп аталғанмен, мәтін мағынасы ұзату той кезіндегі қыздың ата-анасын жұбату жырына келеді.
Қолжазбаның атауы
Ұзатқан қыздың сыңсуы
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсуда әдеттегідей жат жұртқа ұзатылып бара жатқан қыздың өкпе-назы, реніші айтылады. «Көйлегім жеңі қиылмай, көзімнің жасы тиылмай» кетіп барамын деп, ата-анасымен, бауырларымен қоштасады. Мәтіннен еріксіз ұзатылған, малға сатылған қыз екенін байқауға болады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Ұзатылып жатқан қыздың ел-жұртымен қоштасуы. Жыр мазмұнынан қыздың қимас сезімі аңғарылады. «Мақсаты мал бергеннің болад тағы» деген жолдардан қыздың өз қалауымен кетпегені де байқалады. Қыз ағаларының атын атап, бабаларының амандығын тілеп қоштасады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтінде лирикалық кейіпкердің ішкі көңіл-күй сезімі, қыздың ата-ана, бауырларына айтар назы баяндалады. Өлеңнің кейбір шумақтарының соңғы тармағы риторикалық арнау түрінде келеді. Мәтінде басқа елдің тілдік қолданыстарымен өзара әсерлесу құбылыстары байқалады. Бұл өлеңнің айтылу аймағына байланысты болуы мүмкін. Көлемді туынды 7-8 буынды өлшемге негізделген.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтінде қалыңдықтың қоштасу өкпе-назы әке-шеше, аға-жеңге, сіңлісіне арнап жеке-жеке айтылады. Өлең егіз ұйқасқа құрылған. Өлеңде 7-8 буынды өлшемдер араласа қолданылады. Сыңсудың өзге де нұсқаларымен мазмұндық үндестіктер сақталған.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Өлең мәтінінде сыңсудың жанрлық ерекшелігіне сай тұрақты қайталаулар орын алады. Өлең дені төрт тармақты, буындық құрамы жағынан толымды ұйқаспен айтылған. Мәтінде үш тармақты бір ғана шумақ кездеседі. Өлең аралас буынға құрылған.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Өлең жолдары есте сақтауға жеңіл, қарапайым ұйқаспен айтылғанымен, поэзиялық туындының әрбір буыны, бунағы, ұйқасы, өлшемі өзара бір-бірімен үндесіп, дәлме-дәл келеді. Өлең 7-8 буынды жыр өлшемімен жазылған.