∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жетім Құбыл

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жетім Құбыл
3. Авторы (Айтушы)
Нұралы Нысанбайұлы.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сейдеханов Көбей.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1984 жылғы Қарақалпақ экспедициясы. 1956 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
894, 7-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1–43; Ж. 37; 20,3×16,5×19,9×9,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Армұз патшасы Жаһанша мен уәзірі Халибша перзенттері дүниеге келсе, оларды атастыруға уәделеседі. Жаһанша қайтыс болған соң, Халибша сертін бұзып, Жаһангерді қуып жібереді. Жаһангер Сыдық пен Ғасырдың көмегімен Халибшадан кегін алып, кейін онымен татуласады. Еренді жеңіп, Мірді Армұздан қуған соң, Халибшаның қызы Гүләйшаға үйленеді.
13. Басы:
Ілгері өткен заманда…
14. Соңы:
Мақсатына жетеді.
15. Қосымша мәлімет
Оралбай жыраудың нұсқасымен (Жаһангер жетім) мазмұндас.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев