Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
Жоқтау
Қысқаша мазмұны
Мәтіннің алғашқы екі жолы көп жоқтауда кездеседі. Бұл жоқтау анасынан айрылған қыздың зары. Анасының қадір-қасиетін, жақсылығын айтып, дүниеде орнын ешкім толтыра алмайтынын өкіне еске алады.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
Жоқтау
Қысқаша мазмұны
Әкесін жоқтаған қыз баланың жоқтауы. Жоқтау мәтінінен өкініш пен әкеге деген сағынышты байқауға болады.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
Жоқтау
Қысқаша мазмұны
Жоқтау екі бөлімнен тұрады. Баланың анасын жоқтауы. Анамның көзі тірі кезінде аққу құс едім, анамнан айырылған соң шөлдегі бозторғай болдым дейді. Жан анасынан, жанашырынан айрылған баланың көңілінен шыққан мұң мен зардан туған бұл жоқтау өте әсерлі айтылған.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
Жоқтау
Қысқаша мазмұны
Қыз баланың әкесін жоқтауы. Төредей болған әкесінің артында мирасқорының болмауын тілге тиек еткеніне қарағанда отбасында жалғыз қыз сияқты. Жоқтау көркем тілмен, байырғы теңеулермен айтылған.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
Азалау фольклоры. Жоқтау
Қысқаша мазмұны
Ағасын жоқтаған қарындастың жыры. Бірге туған бауырының мезгілсіз дүниеден өткеніне өкінеді. Мәтін соңында тоқтамға келеді.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау
Қолжазбаның жанры
жоқтау
Қысқаша мазмұны
Отағасын жоқтаған жесірдің зарлы жыры. Мәтіннен марқұмның бес уақыт намазын қаза қылмаған, момын кісі екенін білуге болады.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау өлеңдері
Қолжазбаның жанры
жоқтау
Қысқаша мазмұны
Қара өлең үлгісімен жазылған дәстүрлі жоқтаулардың бірі. Әкесін жоқтаған қыздың ата-анаға деген сағынышы, өтпелі өмірге деген өкініші жырланған.
Қолжазбаның атауы
Жоқтау өлеңдері
Қолжазбаның жанры
жоқтау
Қысқаша мазмұны
Әкесін жоқтаған қыз баланың жоқтауы. Мәтіннен әкесіне деген қимастықты көруге болады.