∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жаһангер Құбылдың дастаны / جاھانگەر قۇبىلدىڭ داستانى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жаһангер Құбылдың дастаны / جاھانگەر قۇبىلدىڭ داستانى
3. Авторы (Айтушы)
Серғазыұлы Көлімбет 1875 жылы Шымкент облысы, Түлкібас ауданы, кіші Көкбұлақ жерінде дүниеге келген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Т. Сыдықов.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
353
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1–25; Ж. 18; 16,5×25; 8,5×18,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақты дәптерге қаламмен жазылған. Қолжазба жөндеуден өткен. Ақ қағазбен тысталған, папкаға салынған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Армұз патшасы Жаһанша мен уәзірі Халибша балалары болса, оларды құда етпекке уәделеседі. Жаһангер мен Гүләйша дүниеге келеді, бірақ Жаһанша қайтыс болған соң, Халибша сертін бұзып, Жаһангерді қуып жібереді. Жаһангер Сыдық пен Ғасырдың көмегімен Халибшадан кегін алып, онымен татуласады; Еренді жеңіп, Мірді Армұздан қуып, Гүләйшаға үйленеді.
13. Басы:
Күннен күнге күн санар…
14. Соңы:
Армузға серден жөнеді.
15. Қосымша мәлімет
Мазмұны Жаһангер жетім қиссасымен бірдей.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев