∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

««ЭТНОГРАФИЯ» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Құдайдың көк қошқары
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Бесекбай Шу өңірінде қақпан салып, бір арлан қасқыр ұстап алады. Ойланып тұрып, кезінде есесі кеткен байдың үйіне қасқырды қапқа салып алып барады. Байға «бұл Құдайдың қойды егізден таптыратын көк қошқары» деп мақтайды. Бай бір бесті беріп, қалап алады. Бескебай көк қошқарды түнде қорға апарып қаптың аузын ашып жіберіп, үйінен шықпай жатуын тапсырады. Бай айтқанын істейді. Бай таң атқанда қорға келсе, барлық қойдың тамақталып жатқанын көріп, талып қалады.
Қолжазбаның атауы
Абдолланы жоқтау
Қолжазбаның жанры
Жоқтау
Қысқаша мазмұны
Алтай қазақтарының белгілі адамы Абдолланың қазасына байланысты шығарылған жоқтау өлең. Жоқтауда елге танымалы адамның өмірдегі қылған жақсылықтарын, қамқорлығын айта келіп, марқұмның бақилық өміріне тілектестік білдіреді.
Қолжазбаның атауы
Сегіз сері мен Мақпал сұлу
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр.
Қысқаша мазмұны
Сегіз Мақпалмен кездесіп жүрген кезде Сыр бойында болады. Өгей шешесі қайтыс болған соң туған жері Арқаға оралады. Ол кеткеннен кейін Мақпал қатты сағынады. Осы уақытта қарақалпақ Жабы бай Сыр бойына көшіп келеді. Қыздың әкесі Сегізді кедей әрі жалғыз деп менсінбей, Мақпалды Жабыға ұзатады.