«МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Не деген күш десейші!
Жанры
әңгіме
Қысқаша мазмұны
1917 жылдың март айы. Ол кезде қожайындар жер үстіне шығарылған көмірден жұмысшылардың көмір алып жағуына рұқсат етпейтін. Әркім өзі шахта ішінен арқалап алып шығуы керек. Сондықтан шахта астында жұмыс істемейтін жұмысшылар қырдағы көмірден ұрлап жағады. Көктайша ма не Күлдібай деген ұста үйінде жағайын десе отыны болмай, шахта басына барады да, көмірдің бір үлкен кесегін иығына қондырып алып келе жатады. Алдынан қожайынның итаршыларының біреуі шыға келеді де, оны көріп қалады. Байқаусыз өтіп бара жатқан кісінің тізесінен әлгі сұм таяқпен беріп жібереді. Өзінің арқалап әкеле жатқан көмірі аяғына түсіп, содан әлгі жігіт ақсақ болды. Жерге түскен көмірі екі жарылып түскен екен. Ертеңінде әлеуетті жігіттер әлгі көмірдің сынығының өзін орнынан қозғалта алмады. Жұрттың айтуына қарағанда, әлгі көмірдің ауырлығы 9 пұттай еді дейді. Не деген күш десейші! Бір жарым центнерді арқалап жүрген. Сол жылы Қарағандыда жұмысшылар советі құрылып, бастығы Никитин деген орыс болады. Никитин бастық болғаннан кейін бастығы Күлдібайды аяғынан ұрып құлатып жүрген Қара Иван дейтін орыстан есесін әперген екен.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Мықтап ұстасайық
Жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Екі алаңғасар бір-біріне жақындап келіп, жағаласа кетеді. Сөйтсе, екеуі шөгіп жатқан асау түйенің екі жағынан келіп ұстаса кетеді екен. Асау түйе атып тұрып, тайрандай жөнеледі. Жағадан ұстасқан екеуі де түйенің үстінен алысып кете барады. Сонда бірі екіншісіне: «Ақыры жағадан ұстастық, енді мықтап ұстасайық. Әйтпесе құлап, екеуміз де өлеміз», − депті.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Май сатушы саудагер.
Жанры
Әңгіме.
Қысқаша мазмұны
Бір кісі базар аралап жүріп, май сатып тұрған саудагердің: «Көріңіздер, көріңіздер, алмасаңыз да дәмін татып көріңіз» деген сөзіне екі жеңін түріп, екі асаған екен, саудагер қалған майын ала қашыпты.