∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жаһангер Құбыл

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жаһангер Құбыл
3. Авторы (Айтушы)
Жыршысы: Нұралы Нысанбайұлы. Айтушысы: Серғазиев Көлімбет. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Коганович колхозында тұрған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сейітқаппарова Зубайра. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет істеген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
87
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1–156; Ж. 25; 20×29,5; 4,5×24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба көк қағазға машинкада басылған. Қалың көк мұқабамен түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Армұз патшасы Жаһанша мен уәзірі Халибша балалары дүниеге келсе, құда болуға уәделеседі. Жаһангер мен Гүләйша туады, бірақ Жаһанша қайтыс болған соң, Халибша сертін бұзып, Жаһангерді қуып жібереді. Жаһангер Сыдық пен Ғасырдың көмегімен Халибшадан кегін алып, кейін онымен татуласады. Еренді жеңіп, Мірді Армұздан қуған соң, Гүләйшаға үйленеді.
13. Басы:
Күннен күн санар…
14. Соңы:
Армузге тездеп жөнелді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев