∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Ақсүйек
Жанры
Фольклор
Қысқаша мазмұны
Бұл ұлттық ойынды қыздар мен жігіттер жиналып, жаздың жарық түндерінде ойнайды. Ойынға малдың қураған жілігі таңдалатын болған. Ертеректе «ақсүйек» ойынын той-томалақ жасаған үй иелері ұйымдастырған. Ойын жылдамдыққа, ұйымшылдыққа баулиды.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Соқыр теке
Жанры
Фольклор
Қысқаша мазмұны
Соқыр теке – ертеден келе жатқан, кең таралған қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Оны көбінесе жаздыгүні кешқұрым немесе шайдай ашық, сүттей жарық айлы түнде, ашық аспан астында ойнайды. Мәтінде ойынның тәртібі туралы баяндалады.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Соқыр теке
Жанры
Фольклор
Қысқаша мазмұны
Ойынның тәртібінде аздаған айырмашылық бар. Ойынның бұл нұсқасы ойыншыларға «айып» төлету арқылы оларды өнерге баулиды. Сондай-ақ, «соқыр теке» ойынын ойнау барысында балалар көпшіл болуға, алғырлыққа, шыдамдылыққа тәрбиеленеді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Мырыш ойыны
Жанры
Фольклор
Қысқаша мазмұны
Бұл ойын да қазақтың салт-дәстүр, дүниетаным тіршілігіне негізделген. Қозғалмалы ойындар тобына жатады. Жастардың мінез-құлық нормаларының қалыптасуына, қоғамдық өмірге араласуыларына бағыт сілтейтін ұлттық ойын болып табылады.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Ақсүйек
Жанры
Фольклор
Қысқаша мазмұны
Бұл ұлттық ойын ересек жастардың ойыны болып саналады. Ертеректе бірін-бірі ұнатқан қыз бен жігіттің кездесіп, сөз байласуына «ақсүйек» ойыны дәнекер болған. «Ақсүйек» ойнау үшін айдың сүттей жарық түндері таңдалады. Ойын шарты бойынша жеңілген топ ән айтып, күй шертіп, әзіл-қалжың айтысатын, өнер көрсететін де дәстүр болған. Сондықтан бұл ойын қараңғылықта жол табуды үйретумен бірге әрі спорт әрі өнерді шыңдауға баулиды.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Малақай тастамақ
Жанры
Фольклор
Қысқаша мазмұны
Бұл ұлттық ойынның түрі көбірек қозғалмалы іс-қимылдарға негізделеді. Сондықтан да аталмш ойын дене шынықтыру, балалардың күш-қуатын жетілдіру үшін аса қолайлы. Кейбір өңірлерде «тақия тастау» ойыны деп аталатын бұл ойын балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Ұшты-ұшты
Жанры
Фольклор
Қысқаша мазмұны
«Ұшты-ұшты» ойыны – ойыншылардың ойлау қабілетін шыңдауға, тез шешім қабылдауға, ұшқырлыққа үйрететін ойындардың бірі. Мәтінде ойын тәртібі туралы қысқаша мәлімет берілген.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Тұсау кесу жыры
Жанры
Балалар фольклоры
Қысқаша мазмұны
Көркем жазылған қазақтың тұсау кесу жырларының бірі. Әжесі ала жіпті иіріп бастағанын, «ешкімнің ала жібін аттамасын» деп ырым еткенін айтады. Елім, жерім деп туған үлкен азамат болсын деген жақсы тілектерді жырға арқау еткен.Балалар фольклоры