«АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Сейітбаттал
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Дастанның басты қаһарманы – Сейітбаттал. Ол – әскербасы, дінді уағыздаушы батыр, көп уақыт бойы Ислам дінін басқа халықтарға таратуға күш салады. Сейітбатгал – Ғалидың ұлы Құсайыннан тараған ұрпақ. Солардың ісін, жорығын жалғастырушы.
Қолжазбаның атауы
Қисса Салсал мен Ғалидың соғысы
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Бұл дастанда Мұхаммед пайғамбар заманында дін үшін болып өткен сұрапыл соғыстар, Жамшит патшаның батырларының күресі, оның басқа патшалардан көмек сұрауы, ең соңында Салсалдың балаларымен мұсылман дініне кіруі баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Салсал
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Жәмшид патшаның шаһарына Баба Омар бірде поп, бірде жас бала боп келеді, патшаның сақалын күзеп, айласын асырады. Жәмшид соғыс ашады. Жәмшид Шахабат сиқыршыны көмекке шақыртады. Шахабат үшкіргенде Ғалидің екі көзі соқыр болады, құба жонды су қылады. Ғали Зұлпықармен Шахабатты екі бөледі. Жәмшид патша Кахмасқа қашады. Тоқсан ұлы бар Салсал патшаны көмекке шақырады. Салсалдың ұлы Қарапия мұсылман дініне кіреді. Жекпе-жекте Салсал өз ұлын өлтіреді. Ғали мен Салсал бір-бірін жеңе алмай күн батады. Ертесіне ортадан бір сызық белгі қойып тартысады. Сызықтан шығарса, өз дініне кіргізетін боп келіседі. Жеті күн күреседі, бір-бірін ала алмайды. Салсалдың айтуымен Салсал, Шамама, Ғали, Омар төртеуі алтын шаһарды іздеп шығады. Ғали ғана сарайға жетеді. Сарай ішінде ақсақалды бір шал Ғалиге сәлем береді. Екі жүз елу жыл күтіп отырған шал мұсылман боп өледі. Ғали от шығып тұрған тасқа қылыш шабады, тастан бір дәу шығады.
Қолжазбаның атауы
Сағат
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Бір байдың Сағатбек деген ұлы, Нұржамал деген қызы болыпты. Бірде жьлқыларын аралап жүрген Сағатқа бес ұры кездеседі. Содан бесеуі “қонақпыз” деп, Сағаттың әкесінің үйіне түседі. Нұржамал шалдың қолындағы алтын кездікті танып, ағасының бір бәлеге ұшырағанын біледі. Елге хабар беріп, халық жиналып келеді де, бесеуін байлап тастайды. Жастар шындықты айтып, Сағатты өлтірген жерді көрсетеді. Сағаттың денесі ол жерде жоқ болып шығады. Шала бауыздалған Сағат есін жиып, шошығанынан беті ауған жаққа жүре береді. Жолда бір керуенге кездесіп, керуенбасы оны кісі өлтіріп жүрген қашқын шығар деген күдікпен ас пісіретін малай етеді. Керуен бір шаһарға келіп, ол қаланың патшасы бәрін қонақ етеді. Бала басынан өткенін айтады. Патша оның сөзіне сенеді де, ұлына серік қылады. Сөзге шешен, палуан Сағат бүкіл елді таңырқатады. Уәзірлер одан құтылудың амальш іздейді. Ел шауып, керуен тонаған Сыбай деген залым деп жала жауып, зынданға салады. Зынданда жатқан Сағат түсінде ата- анасы мен қарындасын көреді. Жолдастары түсін жақсылыққа жорып, еліннен іздеушілер шықса керек дейді. Сағатгы іздеп шыққан елінің адамдары оны тауып, аман-есен еліне қайтады.
Қолжазбаның атауы
Рүстем — Зарап
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Оқиға Иран жерінде өткен. Иран батыры Рүстем аңға шығып, атынан айырылады. Сөйтіп жаяулап Саманған шаһарына жетеді. Осы жерде Саманғанның ханының жалғыз қызы Тахминаға үйленеді. Және әйеліне алтын қосып тоқылған орамал қалдырады. Тахмина Зарап есімді ұл туады. Ұлы Зарап күшті, алып болып өседі. Әкесінің ер Рүстем екенін және оның батыр болмай келмесін деген өсиетін естіп, Иран еліне соғыс ашпаққа аттанады. ТҰран патшасы Афрасиаб пен әскер басы Баһарман екеуі әке мен баланы бір-біріне айдап салу жоспарын ойлайды.
Қолжазбаның атауы
Рауа бану
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Рауа бану – адал, жаны таза әйел туралы дастан. Күйеуі жоқшылықтан құтылып, мал табу үшін алысқа сапар шегеді. Сол кезде қайнысы Рауа бануға қастық етіп, қазыларға айтып, жаламен жаза кестіреді. Өлейін деп жатқан жерінен Рауа бануды бір саудагер тауып алады. Одан кемемен теңізге алып кетеді. Сұлуды ол да қорламақ болады. Назаланған Рауа банудың тілегі бойынша дауыл соғып, кемені қиратады. Аман қалған әйел бір елдің патшасына келіп паналайды. Ол ғаріпке көмектесіп, өзі өлерде орнына патша сайламақ болады. Рауа бану патшалықтан бас тартады. Тәуіп болып атағы шығады. Алыс сапардан қайтқан күйеуі жаны адал әйелін түсінеді.
Қолжазбаның атауы
Расулдың ұлы атасы Ғабдумүтәліптің опат болғаны
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Бұл дастан Расулының ұлы атасы Ғабдумүтәліптің қартайып, өлер алдында балалары: Лаһап, Қамза, Ғаббас, Әбутәліпті шақыртьш, олармен қоштасуы, кіші баласы Мұхаммедтің тәрбиесін Әбутәліпке тапсыруы. Әбутәліптің Мұхаммедті жақсы тәрбиелеуі, өсіруі, оның парасатты, дана жігіт болып өсуі баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Прансуз қиссасы
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Пайғамбарымыз Мұхаммед заманында Пранцузда инабатты хан болады. Оның бір баласы болады. Ол он алтыға келгенде бір патшаның қызын алып береді. Бір күні қыз күйеуінің өліп жатқанын көреді. Ашуға мінген хан үш күнде қанішерді табуды бұйырады.