«МАУСЫМДЫҚ ФОЛЬКЛОР » айдарының архиві
Қолжазбаның атауы
Жарапазан
Қолжазбаның жанры
Маусымдық сал-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Жарамазан жырының бұл мәтіні айтыла-айтыла қалыптасқан жаттанды шумақтардан құралған. Өлеңнің буыны мен бунағы, ырғағы әр алуан. Мәтінде үй иесін мадақтау, алғыс-тілек айту сынды өнегелі жолдар қамтылады.
Қолжазбаның атауы
Жарапазан
Қолжазбаның жанры
Маусымдық сал-дәстүр
Қысқаша мазмұны
«Жарамазанның» бұл көлемді мәтінінде ислам діні мен шариғат мәселелері кеңінен насихатталады. Сонымен қатар өлеңде бата-тілек, ізгі ниеттер айтылады. Мәтін көлемді болғанымен, жыр құрылысы қарапайым, жаттауға жеңіл. Өлең төрт тармақты аралас буынды жолдардан тұрады.
Қолжазбаның атауы
Жарапазан
Қолжазбаның жанры
Маусымдық салт-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Бұл ізгі жырда да ислам құндылықтары дәріптеледі. Өлеңнің бастапқы шумақтары үй иесінің ұйқысын ашып, өздерінің жарамазаншылар екендігін сездіруге арналған. Өлең мәтіні аралас буынға құрылған.
Қолжазбаның атауы
Жарапазан
Қолжазбаның жанры
Маусымдық сал-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Бұрын-соңды жарияланбаған бұл мәтін мазмұнында діни жоралғылар қамтылады. Халықтық поэзия үлгісінде келген өлеңде үгіттеу сарыны байқалады. Өлең он бір буынды қара өлең үлгісінде келеді.
Қолжазбаның атауы
Жарапазан
Қолжазбаның жанры
Маусымдық сал-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Тұрмыс-салт жырларының бұл түрі мұсылман үшін қасиетті болған рамазан оразасын дәріптейді. Өлеңде негізінен жарамазан мәтінінің жаттанды қаңқасы бұзылмаған. Мәтін 4-5 және 6 тармақты жолдардан тұрады. Буын саны әркелкі.
Қолжазбаның атауы
Наурыз тойы
Қолжазбаның жанры
Маусымдық салт-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Жеткіншектер поэзиясының бұл түрі наурыз мерекесіне орай балалар танымына лайықталып шығарылған. Өлеңде көктемгі табиғаттың түрленуі, наурыздың қазақша жыл басы екендігі, балалардың шат-шадыман көтеріңкі көңіл-күйі суреттеледі. Мәтін буыны мен бунағы әркелкі 4 тармақты төрт шумақтан тұрады.