Дешті елінің қатал патшасы Қалетше соғымға мал таппай, жетім Құбылдың жалғыз өгізін тартып алып, өзін зынданға қамайды. Құбыл зынданда сегіз жыл жатып, он беске толғанда, Қызыр оған ғылым үйретіп, батасын береді. Әділдікті жақтаған уәзірлер Сыдық пен Қасыр да зынданға түседі, бірақ үшеуі босап шығады; Құбыл әйел кейпіне еніп, Қалетшені әуреге салады. Жау шапқанда, Қалетше тауға қашады, ал елді қорғаған Құбыл Иран батырын жеңіп, Күлейшаға үйленеді.