∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ поэзия» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Қасым әпенде деген кісінің хикаясы
Қолжазбаның жанры
Аңыз әңгіме
Қысқаша мазмұны
Ертеде Қасым деген өте бай адам болыпты. Жастайынан баққаны ит болып, өмірі әйел алмай , сол итті асырайды. Иттің атын «Алып кел» деп қояды. Итін жақсы көріп, өзі ішіп отырған асын тең бөліп береді екен. Бір күні иті өліп қалып, көп жасын төгеді. Итті жуып, ақ матаға орап, мешітке келеді. «Дүниеден бір жолдасым сапар етті» деп, молдаларға көп ақша беріп, жаназасын шығартады. Итті мазарға қойып жатқанда, иттің құйрығы матадан тесіп, сыртқа шығып кетеді. Мұны көріп шошынған молдалар «Бұл не пәле?І» деп, шариғат қазысына тапсырады. Қазы Қасымды дарға асуға бұйрық береді. Қасым иттің жақсы қасиеттерін айтып, қазыны да сатып алады. Қазы итке жаназа шығарады.
Қолжазбаның атауы
Баян, Ноян
Қолжазбаның жанры
Поэма
Қысқаша мазмұны
Абылай хан қалмақтарға қарсы жорыққа дайындалып, ордаға батырлар мен билерді жинайды. Олардың арасында шешен Қанай, би Толыбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанатай, Сары Малай, Жәнібек, Елшібек, Оразымбет, Жәпек батырлар болады. Қанайды Абылайға жауға аттануға дайын екендіктерін білдіруге жібереді. Абылай хан: «Болаттай қайнаған Баянсыз қанатым жоқ сияқты», – деп Баян батырды күтеді. Баян батыр тұтқынға түскен қалмақ қызын қарындасындай көреді. Оның інісі Ноян қызға ғашық болады, қыз туған еліне оралуды армандап, Ноянды өзімен бірге кетуге көндіреді. Мұны естіген Баян олардың соңынан қуып жетіп, екі жасты өлтіреді.
Қолжазбаның атауы
Батыр Баян / باتىر بايان
Қолжазбаның жанры
Дастан
Қысқаша мазмұны
Алыстан қытай, орыс, жақыннан қалмақ шауып, елдің тыныштығын бұзады. Абылай хан қалмақтарға қарсы жорыққа дайындалып, ордаға батырлар мен билерді жинайды. Олардың арасында шешен Қанай, би Толыбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанатай, Сары Малай, Жәнібек, Елшібек, Оразымбет, Жәпек батырлар болады. Қанайды Абылайға жауға аттануға дайын екендіктерін білдіруге жібереді. Абылай хан: «Болаттай қайнаған Баянсыз қанатым жоқ сияқты», – деп Баян батырды күтеді. Баян батыр тұтқынға түскен қалмақ қызын қарындасындай көреді. Оның інісі Ноян қызға ғашық болып, екеуі бірге қашып кетеді. Қыз туған еліне оралуды армандап, Ноянды өзімен бірге кетуге көндіреді. Мұны естіген Баян олардың соңынан қуып жетіп, ел намысын жоғары қойып, екеуін де өлтіреді.
Қолжазбаның атауы
Мал таңдау
Қолжазбаның жанры
Әңгіме
Қысқаша мазмұны
Тағы бірде әлгі аңқау соғымға жылқы алғалы базарға барады. Көп жылқының ішінен қара бие аңқауға семіз көрінеді. Сол жерде малды жете танитын айлакер досын кездестіреді. Айлакердің сөзіне сенген аңқау арық биені сатып алып сояды.