∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жеті Ашық.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жеті Ашық.
3. Авторы (Айтушы)
Рахмет Мәзқожаев (1881–1975). Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туып-өскен. 16 жасынан бастап қиссаларды домбыраға қосып орындайтын болған. 30 жылдар шамасында «Қыз Жібек» жырын үйреніп, айтып жүрген. «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Мұңлық-Зарлық», т.б. жырларды да білген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Рахмет Мәзқожаев. Тапсырушысы: О. Нұрмағанбетова.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылы 19-маусымда хатқа түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
333, 5-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2–25; Ж. 20; 20,3×17; 19,5×13,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптерінің тор көз беттеріне қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Төрт өнерлі жігіт ағаштан қыздың мүсінін жасайды. Оған киім тігеді, әшекейлейді. Құдайдан жан бітіруін тілегенде, мүсін тіріліп, сұлу қызға айналады. Қызға төрт жігіт, жолда кездескен екі адам мен хан таласып, дауды шешу үшін төрт жүз жастағы қарияға жүгінеді. Қария мен сопының сөзінен кейін қыз өтірік айтқандарға теріс бата беріп, қайтадан ағаш қалпына түседі.
13. Басы:
Бастайын бір хикаят ермек үшін…
14. Соңы:
Өзімнің білгенімше оқитын…
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев