∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының
ұлттық тізілімі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2026 жыл ресми түрде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды және мемлекеттік басқару, экономиканы трансформациялау мен инфроқұрылымын жетілдіруде ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Әдебиет пен өнерді зерттеудегі бас ғылыми мекеме — Әуезов институты осы бағытта аса бай қазақ қолжазбаларының ұлттық тізілімін құруды қолға алды және осы ақпараттық онлайн ресурс өмірге келді. 

қолжазба финал

Қолжазба мұра – гуманитарлық бірегейліктің негізгі ресурстарының бірі.   Түркі руникалық ескерткіштері мен араб графикасындағы мәтіндерден бастап, ХХ ғасырдағы кирилл, латын графикасымен жазылған қолжазбаларға дейінгі алуан түрлі жазба дәстүрін бастан өткерген Қазақстан үшін «Қазақ қолжазбаларының ұлттық реестрін» жасау бастамасы стратегиялық маңызы зор міндеттер қатарынан саналады. Осы орайда  әртүрлі ұйымдардың қорларындағы материалдарды цифрлық есепке алу, жүйелеу және ғылыми сипаттау зерттеулердің өзара сабақтастығын қамтамасыз етіп, бұл саладағы ұлттық әрі халықаралық ынтымақтастыққа негіз қалайды.

Ұлттық реестрді құру цифрлық гуманитаристикадағы жаһандық үрдістерге, ашық деректер саясатына, UNESCO-ның «Әлем жады» бағдарламасы стандарттарына және FAIR халықаралық қағидаттарына (Findable, Accessible, Interoperable, Reusable) сәйкес келеді.

Реестрге тіркелген қолжазбалар саны

Айдарлар бойынша статистикасы

0
ФОЛЬКЛОР, барлығы935
Балалар фольклоры22
Үйлену фольклоры114
Азалау фольклоры15
Маусымдық фольклор20
Кәсіптік фольклор5
Магиялық фольклор3
Эпос180
Өлең3
Прозалық фольклор529
Айтыс20
Шағын жанрлар33
АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ, барлығы56
Поэзия12
Проза1
Шешендік сөз1
Ақындар айтысы34
АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ, барлығы39
Поэзия5
Проза33
Драма3
ЭТНОГРАФИЯ, барлығы8
Этнографиялық материалдар5
Хаттар1
Құжаттар2