«ЭПОС - Батырлар жыры» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Қисса-и Дотан Құбақанбайұғлы
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Шығармада Дотан батырдың қалмақ шапқыншыларына қарсы ерлік істері жырланады. Дотан батыр — жапанда жалғыз өзі өмір сүріп жатқан Құбақанбайдың 40 ұлының кенжесі. Оңаша өміріне наразы Дотан өз бетімен жер шарлап, ел іздейді. Ұзақ сапарында қалмақтардың жаугершілігіне ұшырап, жалғыз қаңғып жүргенде дала босқындарына кездеседі. Оларды өзіне жолдас қылып алады. Олармен Шынтемір ханның еліне барады. Шынтемір ханның қызы Күнікейді қалмақ ханы күшпен алғалы жатыр екен. Дотан батыр мұны естіп, Жазира ханға ойран салады. Ханды 500 әскерімен құртып жібереді. Күнікейді алып қайтады. Тойын жасайды. 39 ағасымен сапар шегеді. «Хансыз 40 мың үй, 40 боз үй» деген елге жетеді. Дотан батыр бұл елді қалмақ шапқыншылығынан қорғайды. Жәбір көрген елді өз жеріне көшіріп алады. Дотан еліне әділ хан болады.
Қолжазбаның атауы
Қамбар батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Шапай Қалмағамбетов 1922 жылы басылған «Қамбар батыр» мен 1903 жылы шыққан «Тоқсан үйлі тобыр» жырынан алып, өзінше нұсқа жасаған. Өз жанынан қосқан өлең жолдары бар, ол тек байланыстыру үшін қолданған. Шапай жырлаған жыр нұсқасы толық және эпостық жыр үлгісінде құрылған.
Қолжазбаның атауы
Қамбар жыры
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Жырдың негізі Ә.Диваев бастырған жырдың мазмұнына ұқсайды. Жыршы шығарманың кіріспесі мен соңғы сөзін, негізгі мәтіндердегі кейбір сөздер мен сөйлемдерді өзгерткен. Бұл жыр «Қамбар батыр»жырының ғылыми баспасында, «Қазақ әдебиеті тарихының» 1-томында зерттелген.
Қолжазбаның атауы
Qambar batьr
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Бұл жыр — 1922 жылы Ә. Диваев бастырған «Қамбар батыр» жырынан жазылып алынған көшірме. Кейбір жеке сөздерін өзгерткені болмаса, сюжетіне қосылған жаңалықтар жоқ.
Қолжазбаның атауы
Қамбар батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Әзімбай қызыма күйеу таңдаттырам деп, ел-жұртын жидырады. Назым жиылған жұрттан ешкімді жақтырмай, үйіне қайтады. Әкесі Әзімбай шақырушылардан жиынға келмей қалған адам бар ма деп сұрағанда, біреу Қамбарды айтады. Халық келсін дегенде, Қамбар қайратымды көрсетіп, жауды жеңген күнде келемін деп, бармай қалады. Назым атқа мініп, Қамбардың аңнан қайтқанын жолын күтеді. Батырға көңілін білдіріп, сөйлескісі келгеніне қарамай кетіп қалады. Келесі күні Назым жолына өрмек құрып, торлаумен тоқтатпақ болады. Қамбар өрмекті турап өтіп, оған да тоқтамайды. Қалмақ ханы Қараман Әзімбайға Назымды бер, бермесең, еліңді шабамын деп кісі жібереді. Әзімбай елінің ақылгөйі Аюке бимен ақылдасып, Қамбарға астыртын кісі салады. Қамбар ел намысы үшін аттанбақ болады. Алты күн рұқсат сұрап, тобырларына тамақ үшін 60 құлан, 100 киік атып әкеп береді. Жетінші күні қалмақ ханы Қараманға келіп, оның он екі әскерімен жеті күн соғысқанда, қалмақ әскерінен екі мыңдайы ғана қалады. Қалғанына рақымшылық жасап, еліне қайтарады. Әзімбай бар жағдайын жасап, батырды жақсылап күтеді. Қамбардың алдынан Назым мен 95 жастағы Аюке ақылгөй шығып, қарт батасын береді. Әзімбайдың қызы үшін берген жасауы тоқсан үйлі тобырды асырауға жетеді. сұрайды. Біреу Қамбарды айтады. Сонда ноғайлының халқы Қамбар келсін, Назымжан сынап көрсін дейді. Қамбар «қайратымды көрсетіп, жауды жеңген күні барамын» деп, шақырғанға бармайды.
Қолжазбаның атауы
Қамбар батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Кіріспе сөзден басталған жыр Назым мен Қамбардың кездесуі, Назымның Қамбарға ғашықтығын айтуы, Қамбардың қызбен кездесуге уақытының жоқтығын айтып, тоқтамай кетуімен аяқталады.
Қолжазбаның атауы
Назым қыздың әңгімесі
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Баяғыда бір ханның Назым деген қызы күйеу таңдамақ болып, бүкіл халқын жинапты. Жинаған адамдардан ешкімді ұнатпапты. Сол кезде тоқсан үйлі тобыр мен сексен үйлі селдірді асырайтын Қамбар деген кедей жігітті аң аулап жүрген кезінде Назым қыз көріп, ғашық болады. Бұл жігітті ағалары кедейсініп, тойға шақырмаған екен. Басқа елдің ханы Назымға ғашық болып, Назымды берсін, бермесе, елін шабамын деген соң Назымның ағалары Қамбарға елші жіберіп «Елді жаудан қорғасын, Назымды өзі алсын» дейді. Ел намысына шыдамаған Қамбар шет жаудан елді қорғап, Назым қызды алады.
Қолжазбаның атауы
Раушанбектің ұсталғаны / راﻮﺸانبيكدﺌڭ وستالعانى
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Мейрамбасы әскерімен Үргенішке жорық жасап, қаланы басып алады. Үргеніш билеушісі Толыбайдың ажар-көркімен танылған жалғыз ұлы Раушанбек тұтқынға түсіп, Шахдат ханның алдына жеткізіледі. Шахдат хан көрген қорқынышты түсін мыстан кемпір Раушанбек әулетінен шығатын ұрпақтың хандықты құлатуының белгісі деп жориды. Осыдан кейін хан Раушанбекті өлтіруге бұйырады. Алайда бір сарбаздың кеңесімен оны өлтірмей, базарда құлдыққа сатады. Раушанбекті бөтен елде тұрып жатқан дәулетті түрікмен Кәжденбек сатып алып, өз ұлындай тәрбиелейді. Кейін Раушанбек Кәжденбекпен бірге туған еліне оралады. Осы кезде Ақалай жүкті болып, қырық шілтен болашақ сәбидің көрде дүниеге келетінін алдын ала хабарлайды. Ақалай босану кезінде қайтыс болып, нәрестесін қабір ішінде дүниеге әкеледі. Қырық шілтен сәбиге Көрұғлы деген ат береді. Жыр осы тұста аяқталмай үзіледі.