∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

بوزۇعلان / Бозұғлан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
بوزۇعلان / Бозұғлан
3. Авторы (Айтушы)
Бижанұлы Әзімбай (1854 — 1922) – ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында (қазіргі Аягөз ауданы) дүниеге келген. Абылай ханның жүз батырының бірі – Мамадайырдың ұрпағы. Әзімбайдың «Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан», «Безенген адамды білмейтұғын», «Келгенде қара өлеңге ағыламын», «Сарықұс», «Қазақ зары» толғауы, «Кәрілік туралы» лирикалық өлеңдері сақталған. «Сарыарқаның мәселесі», «Ақтамберді — Жаскілең» поэмалары мен «Ахмет – Жүсіп», «Зейне сұлу», «Бораһат – Шерін» қиссаларының авторы. Ақын Ақтамберді Сарыұлының шығармаларын орындаған және насихаттаған. Халық ақыны Шашубай Қошқарбайұлының ақындық қалыптасуына әсер еткен. 1994 жылы алғаш рет қаламгердің «Ақтамберді — Жаскілең» (құраст. С. Бауов, А. Тілеуханова) өлеңдер мен поэмалар жинағы жарыққа шығады.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әзімбаев Тәңірберген. Оның өмірбаяны туралы нақты деректер кездеспеді.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1969 жылы хатқа түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
679
8. Бет, жол саны, өлшемі
36; 21; 20,2х16; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне қаламсиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Бозұғлан хан өзінің Гүлхадиша, Лағыл деген екі қарындасын Әжібек, Опабек деген екі уәзіріне ұзатады. Лағылдан Жүсіп, Ахмет деген екі ұл, Қарлығаш атты қыз туады. Бозұғлан екі ұлды өз баласындай тәрбиелейді. Хан нөкерлері оларды көре алмай, ханға шағыстырып, екеуін елден қудырған соң екеуі Үргенішке кетеді. Қалмақтың Көзелше деген ханы түсінде екі қошқар өзін сүзіп, астындағы тағын қиратып жатқанын көреді. Ешкім бұл түсті жори алмайды. Баба Ғұмар деген саудагер «Жүсіпбек, Ахметбек деген екі батыр тағыңды алады» дегенде, Көзелше ашуланып, оны зынданға тастайды. Екі батырдан құтылудың амалын іздеген Көзелше Мырза Мәмет деген нөкерін жансыз етіп жібереді. Ол айламен екі батырдың сеніміне кіріп, Көзелшеге ұстап береді. Жүсіпбек пен Ахметбек өртесе, жанбайды, мылтықпен атса, өлмейді. Ақыры шарасы таусылған хан оларды зынданға тастайды.
13. Басы:
ەرتەدە بوزۇعلان دەگەن حان بوپتى / Ертеде Бозұғлан деген хан бопты
14. Соңы:
كوش جەتپەس قارسىلاسىپ ولەمىز بە / Көш жетпес қарсыласып өлеміз бе
15. Қосымша мәлімет
Дәптердің ішкі және сыртқы беттері бір-бірінен ажыраған, қағазы сарғайған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш