Кенжеғұлұлы Нұртуған (1887-1930) – Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Ол 23 жасынан бастап өлең шығарып, үш жүздің шежіресін жақсы білген. “Орақ–Мамай”, “Қарасай–Қази”, “Едіге”, “Әмір–Темір көрген” және “Қобыланды батырды” жырлаған. Нұртуған жырын Дәріғұл жыршы 1928 жылдары жаттап айтып таратқан.