∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Бозұғлан
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Бозұғлан
3. Авторы (Айтушы)
Төлешов Бұлдыбек – халық мұраларын жинаушы. 1900 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Арабша, латынша сауатты Бұлдыбек ұзақ жыл баспаханада, 1942-1945 жылдары еңбек армиясы қатарында қызмет еткен.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Биғожин Қаратай – ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Ауыл мектебінде мұғалім болған. 1974 жылдан бастап Қазақстанның көптеген өңірлерін аралап, әдеби мұраларды жинастырумен айналысқан. Қ.Биғожин тапсырған фольклорлық мұралар мен ақын-жыраулар шығармалары ғылыми қорларда сақтаулы.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1975 жылы 25 наурызда жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
804
8. Бет, жол саны, өлшемі
27; 21; 20,5х16,8; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма тор көзді дәптерге кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Жыр мазмұны басқа нұсқалармен ұқсас. Хиуа ханы Бозұғланның жиендері – Жүсіп, Ахмет жөнінде Қызылбас Көзелшаның түс көруі, оның түсін Қамбардың жоруы, Көкшенің алдауымен Ахмет пен Жүсіптің зынданға түсу оқиғалары түгел қамтылған.
13. Басы:
Бисмилла күллі адамның иесінің,
14. Соңы:
Көрген жан есін танып, есеңгіреп, Масқара болушы еді құрақ иіп.