∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ҮЙЛЕНУ ФОЛЬКЛОРЫ - Беташар» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жырдың алғашқы шумағында қазақтың алыс жатқан елмен құдаласып, қыз аласып, қыз берісетіні, келін келгенде қалай қуанып, асыр салып той жасайтыны жайлы айтылады. Ал кейінгі шумақтары әулетке сыйлы жандар мен қайын атасы және енесіне сәлем салғызады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Бұл жырдың көлемі қысқа. Келінге ақыл-өсиет айтылып, кейбір нәрселерге тыйым айтылып, тек соңында ғана енесі мен атасына сәлем салғызады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Бұл жырдың мазмұнына үңілсек, жаңа түскен келіннің бетін көпшілік алдында ашуға арналған жырдан гөрі өсиет-насихат жырға көбірек келеді. Қазақ келінінің қандай болуы керектігі ислам дінімен сабақтастырыла отырып айтылған. Ислам дініндегі әйел ерін піріндей сыйлауы керек деген қағиданы, сондай-ақ қыз баласына осы дінде қандай орын берілгені, Пайғамбардың көзқарасы, оның қызымен қатынасы тұрғысынан жырланған. Айтылған өсиет-насихаттан соң жыршы «Алғаныңмен қоса ағар» деп тілегін де білдірген. Жыр соңына дейін аяқталмаған.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Жыр мазмұны шағын. Келінге келген жұртын таныстырып, сәлем салғызады. Жыр мазмұнынан қазақ халқындағы келіндер қайнысының атын атамайтын – ат тергеу салтының бар екендігі анық айтылады. Жыр соңында келінге тыйым да айтылған.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні өте көлемді. Жыршы сөзін «Бісмілләдан» бастайды. Әуелгі сөзін қалың жұртшылыққа арнап, көрімдік сұрайды. Бұдан кейінгі шумақтарда келінге насихатын айтады. Салт пен сана жайын айтып, азаматын, келген жұртын қалай сыйлап, қалай жағдайын жасау керек, тұрмысты қалай игеріп, неден тыйылуы керектігін де айтады. Келесі бір шумақтарында жігітке де сөзін арнап, ер-азаматтың міндеттерін де айта кетеді. Бұдан кейінгі шумақта тағы да келінге тоқталып, ақылын айтады. Келінге арналған сөздерінен кейін сәлем салдыру рәсімін бастайды. Қайынағаларының әрбірінің жеке қасиетін айтып, сыртқы келбеттерін сынап, әжуалап, сәлем салғызады. Қайынағаларынан бөлек көп ішінде отырған домком мен молданы да жырға қосып, оларға да сәлем салғызады. Ең соңында жыршы өзін де қоса кетеді.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні ұзақ-ұзақ шумақтардан тұрады. Жырдың алғашқы шумағында келінге көрімдік беру керектігі туралы айтылса, келесі шумақтарында келінге өсиет айтылған. Әрбір шумағында ерін қалай сыйлау керектігі, үлкен мен кішіге қалай құрмет пен ізет көрсетілуі керектігіне тоқталып, келіннің қандай болмақ керектігін тізіп шыққан.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жыр өзге жырлар секілді шұбыртпалы ұйқаспен емес, қара өлең ұйқасымен жазылған. Төрт тармақты, көлемді беташар жыры. Жыр мазмұнында келінге жат жұртқа келгені, оның өзінің міндеттері бар екені өлеңге қосылып, тыйым да айтылады. Бұдан әрі туған-туысымен таныстырып, сәлем салдырады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Беташар жырдың басында келіннің сұлулығын асырып, түрлі теңеулермен жеткізеді. Тек келіннің сұлулығын ғана жырлап қана қоймай, оған өсиет те айтылады. Беташардың негізгі мазмұнына сәйкес қайын атасынан бастап, қайын сіңлісіне дейі әрбірін атап, сәлем салғызады. Ең соңында бет ашушы өзіне де сәлем салдырып, иіліп сәлем салған келінге үйіне кіре беруін айтады.