∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ҮЙЛЕНУ ФОЛЬКЛОРЫ - Аушадияр» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Аушадияр
Қолжазбаның жанры
Аушадияр.
Қысқаша мазмұны
Үйлену ғұрып фольклорының қатарына үйлену ғұрпына қатысты айтылатын, өзіндік саз-әуені бар, драмалық сипатта орындалатын өзіне тән поэтикалық түрі мен мән-мазмұны бар шығармалардың бір түрі – аушадияр. Аушадиярдың негізгі қызметі – қыз ұзатылатын кезде оған арнап айтылатын ғибраттық мазмұнында болса керек. Бұл жағынан ол үйлену салты кезінде айтылатын жар-жар, сыңсу, беташар сияқты жанрлық түрлермен мағыналық жағынан қабысып келеді. Мәтінде ұзатылып бара жатқан қызға ырым-тыйымдар мен, ғибраттық өсиеттер айтылған.