∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ҮЙЛЕНУ ФОЛЬКЛОРЫ - Тойбастар, Тойтарқар» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Той бастар
Қолжазбаның жанры
Тойбастар
Қысқаша мазмұны
Ежелден келе жатқан жосынды сақтай отырып, той бастайтын ақын жігіт тойшыл қауымның көңіліндегісін дөп басып айтып, той мерейін асыра түседі. Құдайдың берген несібесін елмен бөлісіп отырған жомарт жандардың жақсылығын да тіліне тиек етіп, жұртқа таныстыра кетеді. Осылайша ары қарай тойдың өз деңгейінде қуанышты өтуіне деген ақ тілегімен тойды бастап береді.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
Тойбастар
Қысқаша мазмұны
Мәтінді жазып алу кезінде кейбір сөздер мен өлең жолдары танылмай қалған. Атауы тойбастар деп аталғанмен, мәтін мағынасы ұзату той кезіндегі қыздың ата-анасын жұбату жырына келеді.
Қолжазбаның атауы
Тойда айтылатын өлең
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Жергілікті Орынбор қазақтары айтатын тойбастар. Қара өлең ұйқасына құрылған мәтіннің көркемдігі жоғары. «Отырмын балалықтан, Қайынатам берді ме екен ұлықсатын» деген қазақтың салт-дәстүрін білдіретін сөздер кездеседі.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Бұл «тойбастар» мәтіні ұзатылар қызға емес, керісінше келіннің «қадамына құтты болсын» айтып, жақсы тілек арнаудан басталады. Өлең бірыңғай ұйқаспен айтылмайды, ой толқынына қарай қажет жерінде үндесіп отырады. Мәтін 7-8 буынды тармақтардан басталып, 10-11 буынды жолдармен жалғасады. Ерікті ұйқасқа құрылған.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Мәтін төрт, алты, сегіз тармақты жолдардан құралған. Өлең жолдары белгілі бір тәртіппен жүйелі орналасқан, ұйқастары да берік сақталған. Өлеңнің дыбыс құрылыстары, әуезділік бәрі де жымдаса өрілген. Он бір буынды қара өлең ұйқасымен айтылады.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Өлең жолдары ерікті ұйқасқа құрылғандықтан, белгілі бір өлшем сақталмаған. Мәтіннің көркемдік сапасы, ритмдік жымдасуы аса қиыспайды. Дегенмен халқымыздың үйлену салтына қатысты телегей-теңіз деректерін баяндайтын өлеңде ұлттық, тағылымдық дүниелер кеңірек айтылады. Құрылымы 7, 10, 11, 12 буынды құрама тармақтардан тұрады.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Бұрын-соңды жарияланбаған бұл мәтін төрт тармақты, көп тармақты жолдан тұрады. Өлең мазмұнында тойдың салты, той иелерінің жақсы тілеуіне үн қосу сияқты жоралғылар айтылады. Мәтін он бір буынды өлең өлшеміне құрылған.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Өлеңнің мазмұны тойға құтты болсын айтып, құттықтаумен басталып, ізгі тілек арнаумен аяқталады. Ырғағы мен бунағы қалыпқа түскен, көркемдігі жоғары, шымыр ұйқасқа құрылған. Он бір буынды қара өлең үлгісінде айтылады.