∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Ажарбай. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Мәтін 1976 жылы Қ.Саттаров ұйымдастырған фольклорлық экспедиция кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/54 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П. 4; Ж. 96; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жырдың алғашқы шумағында қазақтың алыс жатқан елмен құдаласып, қыз аласып, қыз берісетіні, келін келгенде қалай қуанып, асыр салып той жасайтыны жайлы айтылады. Ал кейінгі шумақтары әулетке сыйлы жандар мен қайын атасы және енесіне сәлем салғызады.
13. Басы:
Жері алыс жерлерден Шартарапта жайласқан.
14. Соңы:
Атаңыздың жолдасы – Қайын енеңізге бір сәлем!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.