∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Жәңгірұлы Шәді (1855 – 1933) – ақын. Бұрынғы Сырдария губерниясына қарасты Қызылкөл мекені, Созақ ауданында туған. Төре әулетінен шыққан. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ (1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алған. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін жетік білген. Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дүйсенбай Қолдасов – Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика институтының студенті.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қ.Саттаров ұйымдастырған фольклорлық экспедиция кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/54 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.10; П.10; Ж. 336; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні ұзақ-ұзақ шумақтардан тұрады. Жырдың алғашқы шумағында келінге көрімдік беру керектігі туралы айтылса, келесі шумақтарында келінге өсиет айтылған. Әрбір шумағында ерін қалай сыйлау керектігі, үлкен мен кішіге қалай құрмет пен ізет көрсетілуі керектігіне тоқталып, келіннің қандай болмақ керектігін тізіп шыққан.
13. Басы:
Төрде отырған сыпыра, Жастары үлкен ағалар.
14. Соңы:
Перизат, сіздей балаға Сөзімді ұқсаң үңіліп…
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.