Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Ұзатқан қыздың сыңсуы
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсуда әдеттегідей жат жұртқа ұзатылып бара жатқан қыздың өкпе-назы, реніші айтылады. «Көйлегім жеңі қиылмай, көзімнің жасы тиылмай» кетіп барамын деп, ата-анасымен, бауырларымен қоштасады. Мәтіннен еріксіз ұзатылған, малға сатылған қыз екенін байқауға болады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Ұзатылып жатқан қыздың ел-жұртымен қоштасуы. Жыр мазмұнынан қыздың қимас сезімі аңғарылады. «Мақсаты мал бергеннің болад тағы» деген жолдардан қыздың өз қалауымен кетпегені де байқалады. Қыз ағаларының атын атап, бабаларының амандығын тілеп қоштасады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтінде лирикалық кейіпкердің ішкі көңіл-күй сезімі, қыздың ата-ана, бауырларына айтар назы баяндалады. Өлеңнің кейбір шумақтарының соңғы тармағы риторикалық арнау түрінде келеді. Мәтінде басқа елдің тілдік қолданыстарымен өзара әсерлесу құбылыстары байқалады. Бұл өлеңнің айтылу аймағына байланысты болуы мүмкін. Көлемді туынды 7-8 буынды өлшемге негізделген.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтінде қалыңдықтың қоштасу өкпе-назы әке-шеше, аға-жеңге, сіңлісіне арнап жеке-жеке айтылады. Өлең егіз ұйқасқа құрылған. Өлеңде 7-8 буынды өлшемдер араласа қолданылады. Сыңсудың өзге де нұсқаларымен мазмұндық үндестіктер сақталған.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Өлең жолдары есте сақтауға жеңіл, қарапайым ұйқаспен айтылғанымен, поэзиялық туындының әрбір буыны, бунағы, ұйқасы, өлшемі өзара бір-бірімен үндесіп, дәлме-дәл келеді. Өлең 7-8 буынды жыр өлшемімен жазылған.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Өлең төрт тармақты, аралас буынды, қара өлең үлгісінде келеді. Мағыналық жағынан өлең нақты тұлғаға бағытталған, яғни қыздың аға-бауырларымен, ел-жұртымен қоштасу сипатында айтылады. Өлеңнің көркемдік табиғаты, тілі, ұйқасы шымыр, қалыпқа түскен, буыны мен бунағы өзара үндесе байланысады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Өлең шалыс ұйқасты төрт тармақты жолдан басталады. Әрі қарай 5-6 тармақты жолдармен араласып келеді. Өлеңнің соңғы шумақтары мән-мағынасы жағынан сыңсудың жанрлық талаптарымен сәйкесе бермейтін құрама жолдармен айтылады. Өлең аралас буынға құрылған.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтіннің алғашқы шумағы 7-8 буынды 11 тармақтан, екінші шумағы 11-12 буынды төрт тармақты жолдардан құралған. Небәрі екі шумақты мәтінде ұйқастың бірнеше түрі қамтылған. Сондықтан аралас ұйқасты өлең түрі саналады. Өлең жолдары аралас ұйқаспен айтылса да, тілі көркем, құрылысы ширақ жазылған.