∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Беташар
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Жантілеу Ахметов – беташарды орындаған кезде 62 жаста болған. Басқа мәлімет кездеспеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құрсанай Нұрымбетова – Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика институтының студенті.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Қ.Саттаров ұйымдастырған фольклорлық экспедиция кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/54 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П. 2; Ж. 42; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Жыр мазмұны шағын. Келінге келген жұртын таныстырып, сәлем салғызады. Жыр мазмұнынан қазақ халқындағы келіндер қайнысының атын атамайтын – ат тергеу салтының бар екендігі анық айтылады. Жыр соңында келінге тыйым да айтылған.
13. Басы:
Әуелі жалғыз Алла Сұбханым, Болғанда ғаріптерге мехірбаным.