Беташар мәтіні өте көлемді. Жыршы сөзін «Бісмілләдан» бастайды. Әуелгі сөзін қалың жұртшылыққа арнап, көрімдік сұрайды. Бұдан кейінгі шумақтарда келінге насихатын айтады. Салт пен сана жайын айтып, азаматын, келген жұртын қалай сыйлап, қалай жағдайын жасау керек, тұрмысты қалай игеріп, неден тыйылуы керектігін де айтады. Келесі бір шумақтарында жігітке де сөзін арнап, ер-азаматтың міндеттерін де айта кетеді. Бұдан кейінгі шумақта тағы да келінге тоқталып, ақылын айтады. Келінге арналған сөздерінен кейін сәлем салдыру рәсімін бастайды. Қайынағаларының әрбірінің жеке қасиетін айтып, сыртқы келбеттерін сынап, әжуалап, сәлем салғызады. Қайынағаларынан бөлек көп ішінде отырған домком мен молданы да жырға қосып, оларға да сәлем салғызады. Ең соңында жыршы өзін де қоса кетеді.