∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Түймегүл Жылқыбаева – Низами атындағы Тәшкент мемлекеттік педагогика институтының студенті.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қ.Саттаров ұйымдастырған фольклорлық экспедиция кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/54 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П. 2; Ж. 38; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Бұл жырдың көлемі қысқа. Келінге ақыл-өсиет айтылып, кейбір нәрселерге тыйым айтылып, тек соңында ғана енесі мен атасына сәлем салғызады.
13. Басы:
Келін, келін, келіңіз, Келіп үйге еніңіз.
14. Соңы:
Елтірі тонның жағасы, Атаңызға бір сәлем!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.