Бұл жырдың мазмұнына үңілсек, жаңа түскен келіннің бетін көпшілік алдында ашуға арналған жырдан гөрі өсиет-насихат жырға көбірек келеді. Қазақ келінінің қандай болуы керектігі ислам дінімен сабақтастырыла отырып айтылған. Ислам дініндегі әйел ерін піріндей сыйлауы керек деген қағиданы, сондай-ақ қыз баласына осы дінде қандай орын берілгені, Пайғамбардың көзқарасы, оның қызымен қатынасы тұрғысынан жырланған. Айтылған өсиет-насихаттан соң жыршы «Алғаныңмен қоса ағар» деп тілегін де білдірген. Жыр соңына дейін аяқталмаған.