Бұл беташар жыр өзге жырлар секілді шұбыртпалы ұйқаспен емес, қара өлең ұйқасымен жазылған. Төрт тармақты, көлемді беташар жыры. Жыр мазмұнында келінге жат жұртқа келгені, оның өзінің міндеттері бар екені өлеңге қосылып, тыйым да айтылады. Бұдан әрі туған-туысымен таныстырып, сәлем салдырады.