«ЭПОС - Хикаялық дастан» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Жауаршонаш хикаясы / جاۋارشوناش حىكاياسى
Қолжазбаның жанры
Хикалық дастан.
Қысқаша мазмұны
Иемендік саудагер Жауаршонаш жалғыз қызын сандықта жасырып өсіреді. Қызы белгісіз заттың дәмін татқаннан кейін жүкті болып, ұл туады; әкесі оны ғажайыппен келген деп, Әбенғайып атайды. Ақылды болып өскен Әбенғайып саудагерлермен бірге Самақ қаласына барады. Онда астаудағы балықтың Камажай сұлудың сөзіне неге күлгенін түсіндіріп, қыздың әкесі Камал уәзірді алдап, жігіттерді сандыққа жасырып жүргенін ашады. Камал қызын жазалап, Әбенғайыпқа мол сыйлық беріп, еліне қайтарады.
Қолжазбаның атауы
Жаһанша қиссасы / جاھانشا قىسساسى
Қолжазбаның жанры
Хикалық дастан.
Қысқаша мазмұны
Қабус патшалығының билеушісі Темір (Таймуз) дәулетті болса да, перзентке зар болады. Уәзірінің кеңесімен көрші патшаның қызына үйленіп, Жаһанша атты ұл сүйеді. Ұлын тәрбиелеп, он төрт жасында таққа отырғызады. Бір күні аңға шыққан Жаһаншаны қатты жел тұрып, үлкен қара құс аспанға көтеріп әкетеді. Мұны естіген патша ұлын іздетеді; Жаһанша табылып, еліне қайтар жолда арып-ашып, тастан аққан бұлаққа кезігеді.
Қолжазбаның атауы
Жаһанша
Қолжазбаның жанры
Хикалық дастан.
Қысқаша мазмұны
Жаһанша патша перзент сүйгісі келіп, Мұса пайғамбардан көмек сұрайды. Құдай оған бала нәсіп еткенмен, баланың он үш жыл ғана өмір сүретінін айтады. Он үш жасқа толғанда, Жаһанша тағдырға мойынсұнып, баласын жерлеуге әзірленеді, бірақ бала аман қалады. Мұса пайғамбар оның жүз жасайтынын айтып, мұны әкесінің ризашылығымен, жұртты жинауымен және баланың мінезіне риза болған көпшіліктің батасымен түсіндіреді.
Қолжазбаның атауы
Тамаша қабақ / تاماشا قاباق
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан.
Қысқаша мазмұны
Ертеде байдың ұлы Мейірманқұл әкесінен қалған мол дәулетке ие болады. Бір күні Қызыр, Бақ пен Ақылдың тартысынан Ақыл одан кетіп, жігіт байлығынан айырылады. Қалған алтын-күмісін айырбастауға шыққан Мейірманқұлды сарай иесі алдап, дүние-мүлкін тартып алады. Ханның қызы оны аяп, үйіне кіргізіп, күйеуінен бірнеше рет жасырады. Ақыры әшкере болып, дарға асылғалы жатқанда, Мейірманқұлға ақыл қайта қонып, өлімнен құтылады; ханның қызына үйленіп, қазы жазасын тартады.
Қолжазбаның атауы
Тақ Сүлеймен. «Өгіз бен есек», кейде «Төрт мақұлық пен екі адамның өнегесі» / تاق سۈلەيمەن. «ۆگىز بەن ەسەك»، كەيدە «تۆرت ماقۇلىق پەن ەكى ادامنىڭ ۆنەگەسى»
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан.
Қысқаша мазмұны
Мәшһүр Жүсіп Көпеев қолжазбаларының фотокөшірмесі.
Қолжазбаның атауы
Сүлейменге келген Сүлеймен шал /سۈلەيمەنگە كەلگەن سۈلەيمەن شال
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан.
Қысқаша мазмұны
Бала-шағасын асырауға мұқтаж Сүлеймен атты кедей шал аттас байдан гауһар сұрайды. Жолда гауһарларынан бірнеше рет айырылған соң, әйелінің кеңесімен байдан мұратқа жетудің жолын сұрайды. Бай оған адал еңбек етіп, сабыр сақтауға кеңес береді. Үйіне қайтарда шал жоғалтқан гауһарларын тауып алып, балаларының тұрмысын түзеп, дәулетті өмірге жетеді.
Қолжазбаның атауы
Сиқырдың сыры.
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан.
Қысқаша мазмұны
Патшаға байтал ұрлығы туралы шағым түскен соң, ұры жігіт басынан өткен оқиғаны баяндайды. Ол Әминаға үйленгенімен, әйелінің түнде молалардан мәйіт жейтінін біліп қояды. Әмина жігітті итке айналдырып, қуып жібереді. Жеті жылдан кейін сиқыршы қыз оны адам қалпына келтіріп, Әминаға сиқырлы су шашуды тапсырады. Су тигенде, Әмина байталға айналады. Жігіт сиқыршы қызға үйленіп, байталды патшаға тапсырады.
Қолжазбаның атауы
Айбас қарттың баласы Шаған бұғы батырдың қиссасы
Қолжазбаның жанры
поэзия
Қысқаша мазмұны
Балықшы шал мен кемпірдің Шаған Бұғы атты жеті жасар жалғыз баласын жайын жұтып, елсіз бір аралдан келіп шығады. Кемемен келе жатқан саудагерлер балаға жаны ашып, Мысыр шәріне алып кетеді. қала жендеттері кісі өлтірдің деп пәле жауып, Шағанды патша сарайына табыс етеді. келгендердің ішінде Мысыр патшасының бас уәзірінің Бағдагүл деген қызы Шаған Бұғы батырға ғашық болады. Бірақ қыздың айдаһарға жем болатын кезекті күні таяу екен. Ай сайын үлкен қауіп төндірген айдаһарды Бұғы батыр өлтіріп, қала халқын таң қалдырады. Бағдагүл Бұғы батырға қосылады. Бір күні Бағдагүлге екінші бір патшаның баласы ғашық болып, Бағдагүлді сиқыршы кемпірге ұрлатып әкетеді. Бұғыны сандыққа салып, суға ағызып жібереді. Күшік пен мысықтың көмегімен Бұғы жоғалып қалған сиқырлы жүзігін тауып алады. Шайхы Мауленнің көмегімен Бағдагүлді тауып, сиқыршы кемпірді ұстап, кегін алады. Бұғы мен Бағдагүл қайта қосылып, мұраттарына жетеді.