∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кесікбастың хикаясы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кесікбастың хикаясы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бөлеев Әбдіраман.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Жезқазған облысында арабша қолжазбадан кирилл әрпіне түсірілген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1092
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 84–109; Ж. 25; 20×28; 14×25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Бір күні Пайғамбар мен жұрт далада домалап келе жатқан басты көреді. Бас өзін Сала Софы деп таныстырып, Дәу басын денесінен бөліп алғанын, ұлынан айырылғанын айтып, көмек сұрайды. Әзірет Әли Пайғамбардың рұқсатымен Дәудің мекеніне барып, оны жеңіп, мұсылман тұтқындарды босатады. Алла Тағаланың көмегімен батырдың басын денесіне жалғап, оны тірілтеді.
13. Басы:
Бисмилла сөздің албы…
14. Соңы:
Қырық қадам жерге ағытты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев