∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жетім Көдек.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жетім Көдек.
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Болатбек Артықбаев.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1946–1951 жылдар арасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ильичевский ауданы Ворошилов атындағы колхозда жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
132, 4-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1–77; Б. 75; Ж. 36; 7×21; 12×18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге жасыл сиямен жазылған. Қолжазбаның көптеген беттерінің сиясы жайылып кеткен. Біраз өлең жолдары өшірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикалық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Ағайынды Бақыт пен Сағыттың әкесі өлгеннен кейін көрген бейнеттері суреттеледі. Дастан Бақыттың патша тағына отырып, мұраттарына жетуімен аяқталады.
13. Басы:
Қолыма қалам алдым хат жазғалы…
14. Соңы:
Опалы іске жетті халден асып.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев