∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Зейіт қарақшының қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Зейіт қарақшының қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Қалдыбек Әлікұлов. Ол Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстанға белгілі ақындардың бірі.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қ. Саттаров.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Ақын Қалдыбек Әлікұлов бұл дастанды 1974 жылы 25 қаңтар күні Омар ақыннан көшіріп алған. 1976 жылы экспедиция кезінде жинаушылар Әлікұловтың қолжазбасынан көшірген. 1975–76 жылғы студенттер күшімен ұйымдастырылған халық әдебиеті үлгілерін жинау экспедициясы. Экспедиция жетекшісі – Қ. Саттаров.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/9.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 76–98; Ж. 31; 19×30; 10×22,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ түсті кеңсе қағазына қара сиямен жазылған. Қолжазба қара көк түсті қалың мұқабамен түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикаялық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Бір шалдың Зейіт деген баласы болады. Мазмұны алдыңғы сипаттамамен бірдей. Зейіт әкесінен ұрлық үйреніп, екеуі патшаның қазынасына түсе бастайды. Әкесі орға түсіп, шыға алмаған соң, Зейіттің рұқсатымен басын кеседі, сондықтан патша адамдары ұрының тек денесін табады. Кейін Зейіт айламен өзін сынаған патшаны әйелімен бірге сандыққа салып алып келеді, ал оқиға соңында оның бұрынғы күнәлары кешіріледі.
13. Басы:
Бисмилла деп сиындым…
14. Соңы:
Сөзімнің осы тамамы.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев