∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ұры Зейіт.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ұры Зейіт.
3. Авторы (Айтушы)
Керімқұл Жүнісов.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Талиға Бекхожина.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1964 жылы Табақсай селосында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
653, 3-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 28; Ж. 28; 21×30; 7,5×23,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ түсті кеңсе қағазына машинкада басылған. Қолжазба түптеліп, ақ қағазбен тысталған. Институттың бұрынғы штампы басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Хикаялық дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Әкесі баласын ұрлыққа үйретіп, екеуі патшаның қазынасына түседі. Әкесі орға түсіп, шыға алмай қалған соң, баласы оның рұқсатымен басын кесіп, өзін танытпауға тырысады. Кейін бала айламен өзін сөз еткен патшаны әйелімен бірге сандыққа салып алып келеді. Оқиға соңында оның күнәлары кешіріледі.
13. Басы:
Ал, жақсылар…
14. Соңы:
Аяғы үшбу сөздің тамам еттім.
15. Қосымша мәлімет
Дастанның мазмұны «Заһит ұры», «Зейіт қараұшының қиссасы» атты дастандармен мазмұндас.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев