∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР - Аңыз - Шежірелік аңыз» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Шежіре
Қолжазбаның жанры
Шежірелік аңыз
Қысқаша мазмұны
Шежірені Адам атадан бастап, Әнес сахабадан таратады. Қаракесектен үш бала: Әлім, Шөмен, Түмен деп, Әлімнен алты бала: Жаманақ, Қарамашақ, Айнық, Ұланақ, Тегінболат, Байсары туады деп, солардан тараған балалар атап көрсетіледі.
Қолжазбаның атауы
Шежіре
Қолжазбаның жанры
Шежірелік аңыз
Қысқаша мазмұны
Күлтөбенің басына үш жүздің билері жиналып, пір сайламақ болады. Әрқайсысы өз пірін ұсынып, келісе алмай, одан кейін Сүпі әзі пірді өз орталарына алуға таласады. Сүпі әзі төрелік айтады: «Үш жүзден үш отау тігіңдер. Мен екі ақсарбас қу етіп аруағымды аспанға ұшырайын. Сол қай жүздің отауына келіп қонса, сол жүзде болайын». Сонда екі ақсары бас қу болып Әйтеке бидің төріне қонған екен. Кіші жүз елінде зор қуаныш болып, Әз Тәукені хан сайлап, Сүпі Әзіні пір сайлап, қалмаққа қарсы аттанады. Мұнан соң Шөмен атадан тараған белгілі адамдарды айтып, Әлімге көшеді. Әлімнің алты баласынан тараған аталарды сөз қылады.
Қолжазбаның атауы
Шежіре
Қолжазбаның жанры
Шежірелік аңыз
Қысқаша мазмұны
Әнес сахабаның бірінші әйелі Қаншадан Ноғай, екінші әйелі Өріктен Естек, үшінші әйелі Нағыдан Жабал атты ұл мен Һанал атты қыз бала туады. Һанал он сегізге келіп бой жеткенде Жабалдың қарауындағы Юлдаш деген құл қыздға құпия байланыс жасауға ұсыныс жасап, мазасын алады. Һанал қыз құлды басқа құлдарға сабатып жазалайды. Өшіккен құл Жабалға қарындасыңмен жақын болдым деп жала жабады. Жабал батыр ашуланып, қызды үлкен сандыққа салып, өзенге ағызып жібереді. Бірнеше күннен соң сандық бір балықшы шалдың ауына ілігеді. Балықшы шал сандықты Худдус деген ханға сыйға тартады. Хан шалға сый-сияпат жасап, қырық уәзірімен сандықты ашады. Ішінен өлген қыздың денесін көрген хан бақсы, балгер, тәуіптерді шақыртып, қызды тірілтіп беруге бұйрық береді. Сол кезде 360 жасқа келген бір қарт қызды тірілтетінін айтады. Ол үшін биіктігі 40 метр мұнарадан үй салып беруін талап етеді. Хан үй салдыртады. Қария қызды күннің көзімен емдеп, қырық күнде тірілтеді. Қыз жазылып, күн көзінен жүкті болады. Ай-күні жетіп, аман-есен ер бала туады. Оның атын нұрдан жаратылды деп Шыңғыс қояды. Қырық күн өткен соң Худдус хан Һаналды әйелдікке алады. Бұдан соң да Һанал төрт ұл туады: Қаралатай, Қарғалтай, Бөденетай, Бөргелтай. Худдус хан Жабалға хабар береді. Жабал отыз адаммен келіп, той-тамаша өткізіп, жала жапқан құлды өлтіреді. Осы аңыздан соң Жабалдан шежіре таратады.
Қолжазбаның атауы
Ұлы жүз Сіргелі руы жайлы
Қолжазбаның жанры
Шежірелік аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда Жәнібек хан ашу-ызасын білдірмей, өтірік құда-жекжат болып, тойына Ойсылдың отыз ұлымен қоса туыстарын да шақыртады. Жәнібек ханның қызы төркініне екі қабат болып кеткен екен де, сонда босанады. Баласының атын Құсабай қояды. Құсабай ер жетіп, азамат болғанда Кіші жүз – Алшын, Тама нағашыларынан туыстарына кету үшін рұқсат сұрайды. Нағашылары алғаш рұқсат етпеген соң жас жігіт жылқы ішінде жүрген кішкене ғана тайды тұмсығындағы сіргесімен мініп кетеді. Нағашылары да соңынан қуып келсе, туыстарына келіп қосылған екен. Туыстары Құсабайға ұрпағы көбейсін деген мақсатта екі қатын алып береді. Бәйбішеден бес бала: Батыр, Жайдақ, Елібай, Жаңабай, Айт-Бозым. Тоқалдан үш бала: Қарабатыр, Шалдар, Байжігіт. Құсабай баланың малы көбейіп, бай болып кеткен соң «Байұлы» атануы аңызға арқау болған.
Қолжазбаның атауы
Шежіре
Қолжазбаның жанры
Шежірелік аңыз
Қысқаша мазмұны
Шежіре Әнес бабадан таратылады. Әнестен Мағаз, Сәл, Ақшолпан, Қурай, Алған, Алаш, Сейілхан, Жайылхан. Сейілханнан Сегізарыс, Түрікпен. Жайылханнан Майқы, Өзбек, Спиян. Өзбек шаһардан қалған. Спиян мал бағып сахараға шығып кеткен. Қазақ осы сахарада Спияннан тарайды дейді де, Қазақтың Ақарыс, Бекарыс, Жанарысынан 98 ата дейді. Одан кейін Кіші жүзден Алшын, Алаубатыр, Қыдырбатыр деп, солардың аталарын атап өтеді.
Қолжазбаның атауы
Хоралас руының тегі жайлы
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Ұлы жүз Дулаттың баласы Ботпай өз заманында елден асқан байдың бірі болған. Осы Ботпаймен замандас Хорасан қожаның тұқымы Аппақ ишан өтіпті. Аппақ ишан ел-елді аралап ислам дінін үйреткен. Ишанның қасында Тәсін қожа баласы діндар, емші Алдияр деген кісі бірге жүрген. Күндердің күнінде жолы түсіп, қожалар Ботпай ауылына келеді. Ботпай ишанды үлкен құрметпен қарсы алып, ауылына үш ай ұстап қонақ қылады. Сонан бір күні бай ишанға құдандалы болғысы келгенін айтады. Аппақ Ишан Ботпайдың қызы Қалыкүлді жанындағы Алдияр қожаға тапсырады. Алдияр қожа елшілік жұмысымен айналысып, бір жылдан астам уақытқа Ботпай ауылында қалып қояды. Алты айдап соң Ботпай ауылына қалмақтар шабуыл жасап, бар малын айдан әкетеді. Сол шапқыншы қалмақтармен соғыста Ботпай ауылының көп адамдары қырылып, солармен бірге Алдияр да қаза болады. Жаугершіліктен кейін Алдиярдың әйелі Қалыкүл ұл туыпты, бірақ көп ұзамай өзі де қайтыс болған. Жаңа туған сәбидің атын Ботпай «Хоралас» қойып, бәйбішесінің қойнына салып, тәрбиелеп өсірген. Хораластан екі бала: Қарақойлы, Қарақосай дүниеге келеді.
Қолжазбаның атауы
Үшбу қазақтың үш жүз атанған себебі баяны
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Қазақ Әнес әулиеден оныншы атада дүниеге келеді, Қазақтың балалары үшінші және төртінші атаға жеткен кезде Бұқараға қараған жерге келеді. Сол уақытта Бұқардың ханы Қызыл Арсыланның бәйбішесінен бала болмайды. Қызыл Арсылан екінші қатын алып, одан бір ер бала туады. Бірақ бұл баланың денесі ала болып туады. Ханның бәйбішесі күншілікпен «бұл бала халықты бұзады» деп ханды азғырады. Содан хан қатынының тіліне еріп, баланы қасына қырық жігіт қосып Сырдариядан өткізіп, Сарыарқаға жер аударып жібереді. Енді ханның баласы жайлы «түрі жақсы жігіт болыпты», «өнерпаз екен», «аман жүр» деген хабар атасы Қызыл Арсылан ханға жетеді. Қызыл Арсылан хан балаға жасаған қиянаты есіне түсіп, қапаланып, өкініп, баланы алып келуге үш рет адам жібереді. Бұлар келіп, баланы елге қайтаруға үгіттеп көндіре алмаған соң баланы қимай әрі Сарыарқаны жайлы көріп, осы жерде тұрып қалады. Алашаны хан көтеріп, «ұранымыз Алаш болсын» деп келіседі екен. Үйсін батырға қараған ел «Ұлы жүз» болып, Арқаға қарай шығып, ортада тұрған Ақжол мырза Сарыарқаға қарай шығып «Орта жүз» атанып, соңынан келген Алшын мырза Сыр-дариясына қарай шығып «Кіші жүз» атанып, барлығы «Үш жүздің баласы» деген атау содан пайда болады.
Қолжазбаның атауы
Ұлы жүз туралы
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Үйсін батырдың жау жаулап кеткен орайында елге жау келіп қалады, жұрт үркіп жосып кетеді, ауылда тек толғатып жатқан Тоғалақ тоқал ғана қалады. Жау Тоғалақтан елдің қайда кеткенін, жылқыларының қайда екенін сұрайды. Тоғалақ айтып береді. Ішінен Құла айғырды сұрап алып қалады. Құла айғыр жылқыны қайта қайырып алады. Үйсін батыр жаудан қайтып келсе, Тоғалақ бір сайда қалың жылқының ішінде босанады. Кейін бәйбішенің он екі баласы жылқыны даулап келгенде, қарғыс тиіп тұқымы аз болып қалған екен. Тоқалдың тұқымы «Ұлы жүз» атанып жүруі аңызға арқау болған.