∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шежіре

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шежіре
3. Авторы (Айтушы)
Абдолла Тұрымтаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қымбат Исақова (жинаушы), Мәтжан Тілеужанов (тапсырушы)
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1961 жылы Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910/4
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 326; Ж. 30; 29х20; 25х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Шежіре Әнес бабадан таратылады. Әнестен Мағаз, Сәл, Ақшолпан, Қурай, Алған, Алаш, Сейілхан, Жайылхан. Сейілханнан Сегізарыс, Түрікпен. Жайылханнан Майқы, Өзбек, Спиян. Өзбек шаһардан қалған. Спиян мал бағып сахараға шығып кеткен. Қазақ осы сахарада Спияннан тарайды дейді де, Қазақтың Ақарыс, Бекарыс, Жанарысынан 98 ата дейді. Одан кейін Кіші жүзден Алшын, Алаубатыр, Қыдырбатыр деп, солардың аталарын атап өтеді.
13. Басы:
Мұқамбет пайғамбардың сақабасы Әнес деген адамнан біздің қазақ, т.б. халықтар дүниеге келіпті.
14. Соңы:
…Үмбеттен Кенесары т.б.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек