∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шежіре

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шежіре
3. Авторы (Айтушы)
Жағал Таушанов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Орымбай Өтемәмбетов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1982 жыл. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
886/5
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 42; Ж. 19; 20,2х16,6; 17,5х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Түзу жол дәптерге автоқаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Әнес сахабаның бірінші әйелі Қаншадан Ноғай, екінші әйелі Өріктен Естек, үшінші әйелі Нағыдан Жабал атты ұл мен Һанал атты қыз бала туады. Һанал он сегізге келіп бой жеткенде Жабалдың қарауындағы Юлдаш деген құл қыздға құпия байланыс жасауға ұсыныс жасап, мазасын алады. Һанал қыз құлды басқа құлдарға сабатып жазалайды. Өшіккен құл Жабалға қарындасыңмен жақын болдым деп жала жабады. Жабал батыр ашуланып, қызды үлкен сандыққа салып, өзенге ағызып жібереді. Бірнеше күннен соң сандық бір балықшы шалдың ауына ілігеді. Балықшы шал сандықты Худдус деген ханға сыйға тартады. Хан шалға сый-сияпат жасап, қырық уәзірімен сандықты ашады. Ішінен өлген қыздың денесін көрген хан бақсы, балгер, тәуіптерді шақыртып, қызды тірілтіп беруге бұйрық береді. Сол кезде 360 жасқа келген бір қарт қызды тірілтетінін айтады. Ол үшін биіктігі 40 метр мұнарадан үй салып беруін талап етеді. Хан үй салдыртады. Қария қызды күннің көзімен емдеп, қырық күнде тірілтеді. Қыз жазылып, күн көзінен жүкті болады. Ай-күні жетіп, аман-есен ер бала туады. Оның атын нұрдан жаратылды деп Шыңғыс қояды. Қырық күн өткен соң Худдус хан Һаналды әйелдікке алады. Бұдан соң да Һанал төрт ұл туады: Қаралатай, Қарғалтай, Бөденетай, Бөргелтай. Худдус хан Жабалға хабар береді. Жабал отыз адаммен келіп, той-тамаша өткізіп, жала жапқан құлды өлтіреді. Осы аңыздан соң Жабалдан шежіре таратады.
13. Басы:
Адам атадан бермен қарай Әнес сахабаға дейін жиырма төрт ата дейді.
14. Соңы:
Әкімдерге, би, болыстарға ғана мал сояды деп халық аңыз қылады.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек