∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР - Аңыз - Тарихи аңыз» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Түкібай-Шолпан / توكىباي ـ شولپان
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Мұқып деген бидің Шолпан деген сұлу, әрі ақылды қызы болады. Шолпан мен сүйген жігіті Түкібай үйленгелі жүргенінде, қалмақ елінің Доржы атты батыры Шолпанды аламын деп, қазақ елін басып алады. Шолпан ел-жұртын тұтқыннан босату үшін Доржыға еріп, қалмақ еліне кетеді. Артынан Түкібай көп жігітті ертіп, қуып барады. Шолпан көп қиыншылықпен, Доржының күтушісі Құртқаның көмегімен Түкібаймен кездеседі. Сөйтіп, сүйген жігітіне қосылады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның әйелге қамқорлығы
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда орта жүзге барған кіші жүздің бір қызының зәбір көріп жүргенін орта жүзге барған жігіттерден беріп жіберген қыз аманатынан білген Сырым батырдың орта жүзге барып, қарындасын қайтарып алуы сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның әйелге қамқорлығы
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда арғын жаққа барып, қайтып келе жатқан екі жолаушыдан жолда қой бағып жүрген бір әйел жолығып, Сырым жайлы сұрап, оған өзінің бір аманатының бар екенін айтып, екі жолаушыдан беріп жіберуі, аманатты көрген Сырым батыр мән-жайды бірден түсініп, әйелге өз қамқорлығын жасап, қиналып жүрген жерінен алып қайту барысы сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның анасының неге жерік болғаны жөнінде /سىرىمنىڭ اناسنىڭ نەگە جەرىك بولعانى جٶنىندە
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Сырым батырдың тумаларына ренжіп, өзінің кімнен туғанын біле алмай дал болып, нақты дерегін білмек болып анасынан сұрайды, анасы ол кезде аяғы ауыр, жерік болып жүрген кезі екен. Елдің бір жылғы көштегі көрген ауыр қиыншылығы мен сол қиын-қыстау кезден елді аман алып қалған, барды аузына қаратқан, көреген, парасатты адамды, және мына ішімдегі бала сол адамнан да асып туса деген арман-тілегінен дүниеге келгенін баяндап береді.
Қолжазбаның атауы
Сырымның Хиуа ханына айтқан үш қызметі
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Сырым Хиуа ханына барып айтқан «Қарақалпақ, сарт, өзбек, қазақ, түрікмен, естек – осы алтауымыз бірігіп, Руссия патшасына қарсы шығайық. Менен асса, сені қоймайды. Осы бастан бетін қайырайық. Сен маған қол, ат, азық бер. Екінші жұмысым, патшадан жеңілсем, бері көшем, қоныс бер. Жалпы қазақтың үш баласы: Ақарыс – Ұлы жүз, Бекарыс – Кіші жүз, Жанарыс – Орта жүз, осы үш жүздің баласы бұл жерден жылқы бағып, Көкшетауға шығып кеткенде, осы жерде қонысым қалды, сол қонысымды бер. Үшінші, Созақ баласы қарақалпақта еншім қалды. Бұл әуелде үлкен үй еді. Қалған еншім – үй-мүлік пен қоралы мал» деген талаптары мен соның орындалуын айтады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның аманаты
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Әшім деген адам байдың баласыменен қорық жерге таласып, бай баласының басын жарады. Бай Әшімді ұстатып, Текеге айдатып жібереді. Іс губернатордың қолына түседі. Сонда Сырымның он жеті жасар Қазы деген баласы Әшімнің әкесінен бір түйе, бір тоқты алып, губернаторға жолға шығып, губернаторды сөзден жығып, байбақты Әшімді айдауға кеткелі тұрған жерінен қамаудан босатып алады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның айтқаны
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда Ресейге қосылу үшін өзбек, түрікпен, қалмақ үшеуі орыс патшасына адам жіберіп, олардан «Әмударияны сат» деген жауап алады. Сонда Кіші жүздегі Даттың ұлының тапқырлығымен Әмударияны сатып ала алмағаны айтылады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның жерге айтқаны
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Сырым бір күні анасынан өзінің кімнен туғанын біле алмай дал болып, нақты дерегін білмек болып, мән-жайды сұрайды, анасы ол кезде аяғы ауыр, жерік болып тұрған кезі екен. Елдің бір жылғы көштегі көрген ауыр қиыншылығы мен сол қиын-қыстау кезден елді аман алып қалған, барды аузына қаратқан, көреген, парасатты адамды, және мына ішімдегі бала осы адамнан да асып туса деген арман-тілегінен дүниеге келгенін баяндап береді.