∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шежіре

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шежіре
3. Авторы (Айтушы)
Пірімжан Ысқақов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қабиболла Сыдиықұлы, Мақсұт Шафиғи
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1986 жылы Өзбекстанның Термез қаласында жазылған. 1986 жылғы Тәжікстан, Өзбекстан экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
896/4
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 46; Ж. 23; 20,5х15; 18х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне автоқаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Шежірені Адам атадан бастап, Әнес сахабадан таратады. Қаракесектен үш бала: Әлім, Шөмен, Түмен деп, Әлімнен алты бала: Жаманақ, Қарамашақ, Айнық, Ұланақ, Тегінболат, Байсары туады деп, солардан тараған балалар атап көрсетіледі.
13. Басы:
Адам атадан үш бала туады.
14. Соңы:
Бұжырдан: Назар, Шүрен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек