«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР - Аңыз - Топонимдік аңыз» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Ырыс Сырда
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Бұрынғы заманда Қарақұм мен Қызылқұмда байларға жалданып жүрген Ағыбай, Арынбай деген ағайынды екі жігіт болыпты. Екеуін жеуге келген айдаһарға бір қойдан беріп отырып, қойды бітіреді. Екі жігіт байлардың ызғарынан қорқып, қашып кетеді. Сөйтіп келе жатса бұлардың алдынан ақсақалды, ақ киімді шал шығып жөн сұрайды. Жігіттер сырын жасырмай, қариядан ақыл сұрайды. Қария бұларға Сырға баруға кеңес береді. Осы жерге қоныстанып, Сырдың суын ішіп, балығын жеп күнелтеді. Еңбектері өнімді болып, мал-малданып, жан-жанданыпты дейді.
Қолжазбаның атауы
Ысық көл
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Баяғыда көлдің орнында жан-жағы таумен қоршалған қала болған екен. Қала тұрғындары суды кілттеулі тұратын құдықтан ішкен. Кілт бір дуананың қолында болған. Бір күні бір қыз сүйгенімен кездесу үшін кілтті сұрап алып, құдыққа келіп, кілтті құдыққа түсіріп алыпты. Құдықтың суы асып-тасып төгіліп, бүкіл қаланы су басып, үлкен көл болады. Қала көлдің астында қалады.
Қолжазбаның атауы
Шом қалған
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Ертеде Қопа өзенінің бойындағы қазақтар қоқандықтардың көрсеткен қорлықтарына шыдамай, олардың әскерлерін өлтіріп, тірі қалғандарын мазақтап, қуып жібереді. Оны естіген қоқан ханы қатты ашуланып, қазақтарға көп әскер жіберіп, қатын-балаларын тұтқындап, еркектерді өлтіртеді. Осы кезде шапырашты руынан ер жүрек батыр Сұраншы Ақылбайұлы шығып, аман қалған жігіттерден аз ғана қол жинап, қоқандықтарға қарсы шығуға дайындалады. Қоқандықтардың әскер саны басым екенін білген Сұраншы жасағымен түн жамылып қоқандықтардың шебіне тақау келіп, жігіттеріне әр жерден көп қылып от жағып, у-шуды көбейтуді бұйырады. Бұны көрген қоқандықтар Сұраншының әскері көп екен деп шошып, жан-жаққа қаша бастайды. Сұраншы содан соң қоқандықтарға «еркімен берілсін» деп елші жібереді.
Қолжазбаның атауы
Шерқала тауының тарихы
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Баяғыда түрікпен-қазақ қырғынында осы ұшпаға түрікпендер орналасып, жаугершілік жасаған. Бұл ұшпаның өтетін жері, жолы болмаған. Тек бір ғана жолы – ішінде су алатын үлкен шыңырауы болған. Құруға жақын қалған қазақтар шыңыраудан қауіпсіздеу бір шетін тесіп, сол жерден түрікпендердің су алуға түсірген қауға, шелегін кесіп тастап тұрған. Ақырында шөлден қырылған түрікпендердің жартылай қолы «Шерқаланы» тастап қолға түскен екен. «Шерқала» тауы Маңқыстау қазақтарының «киелі» жерлерінің бірі.
Қолжазбаның атауы
Шерқала туралы аңыз
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Ерте кезде бұл жерде адайлар мен түркімендер арасында қырғын соғыс болған. Адайлар түрікмендерден қорғану үшін таудың басын паналаған. Түрікмендер бұл тауды қоршап алған. Адайлар таудың басын тесіп, сол жерден су алып отырған. Мұны біліп алған түрікмендер екінші жағынан тесіп, адайлар су алғанда арқанды қиып тастап отырған. Сусыз қалған адайлар тау басында қырылып қалған. Содан бастап бұл тау шерлі, зарлы қала деп аталып кеткен.
Қолжазбаның атауы
Шерқала
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Баяғыда түрікпен-қазақ қырғынында осы ұшпаға түрікпендер орналасып алып, жаугершілік жасаған. Бұл ұшпаның жан-жағы тегіс тас, өтетін жері, жолы болмаған. Тек бір ғана жолы – ішінде су алатын түрікпендердің тіршілік еткен көзі үлкен шыңырауы болған. Жоғарыдағы жауға ештеңе істей алмай, құруға жақын қалған қазақтар ақыры амалын тауыпты. Олар шыңыраудан қауіпсіздеу бір шетін тесіп, сол жерден түрікпендердің су алуға түсірген қауға, шелегін кесіп тастап тұрған. Ақырында шөлден қырылып, қаталаған түрікпендердің жартылай қолы «Шерқаланы» тастап қолға түскен екен. «Шерқаланы» түрікпенше алынбайтын қамал дегенді білдіреді екен.
Қолжазбаның атауы
Шідерлі, Өлеңті, Ақ көл
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Асан Қайғы бір өзенге келіп, шідерленген ат семіретін жер екен деп өзеннің аты Шідерлі болады. Бір өзенді өлеңдетіп, шулап тұрады екен деп Өлеңті қойыпты, ал осы екі өзеннің қосылған көлінің тап-таза суына қарап Ақкөл деп атаған екен.
Қолжазбаның атауы
Шымылдық, Қаракемер тауы
Қолжазбаның жанры
топонимдік аңыз
Қысқаша мазмұны
Қарағанды – Ақтоғай тас жолының бойында Қаракемер Шымылдық тауы бар. Осы таудың үстіне шықсаңыз бір жағы тіп-тік кемер, жар сияқты, ал бір жақ беті тегіс, құрған шымылдыққа ұқсайды. Аузы дуалы бір қария жобасы Тарақ батыр болса керек, мына тауды алып тастаса Тоқсан мен Өтеміс балалары аулының түтіні біріне бірі көрінеді екен. Бұл таудың атын «Қаракемер – Шымылдық» атапты.