∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үшбу қазақтың үш жүз атанған себебі баяны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үшбу қазақтың үш жүз атанған себебі баяны
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбдіреш Оспанов (жинаушы); Е. Ысмайылов, Б. Адамбаев (тапсырушы)
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1965 жылғы Қостанай – Солтүстік Қазақстан – Тюмень – Омбы экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
622
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж. 43; 16х20; 13,5х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Қазақ Әнес әулиеден оныншы атада дүниеге келеді, Қазақтың балалары үшінші және төртінші атаға жеткен кезде Бұқараға қараған жерге келеді. Сол уақытта Бұқардың ханы Қызыл Арсыланның бәйбішесінен бала болмайды. Қызыл Арсылан екінші қатын алып, одан бір ер бала туады. Бірақ бұл баланың денесі ала болып туады. Ханның бәйбішесі күншілікпен «бұл бала халықты бұзады» деп ханды азғырады. Содан хан қатынының тіліне еріп, баланы қасына қырық жігіт қосып Сырдариядан өткізіп, Сарыарқаға жер аударып жібереді. Енді ханның баласы жайлы «түрі жақсы жігіт болыпты», «өнерпаз екен», «аман жүр» деген хабар атасы Қызыл Арсылан ханға жетеді. Қызыл Арсылан хан балаға жасаған қиянаты есіне түсіп, қапаланып, өкініп, баланы алып келуге үш рет адам жібереді. Бұлар келіп, баланы елге қайтаруға үгіттеп көндіре алмаған соң баланы қимай әрі Сарыарқаны жайлы көріп, осы жерде тұрып қалады. Алашаны хан көтеріп, «ұранымыз Алаш болсын» деп келіседі екен. Үйсін батырға қараған ел «Ұлы жүз» болып, Арқаға қарай шығып, ортада тұрған Ақжол мырза Сарыарқаға қарай шығып «Орта жүз» атанып, соңынан келген Алшын мырза Сыр-дариясына қарай шығып «Кіші жүз» атанып, барлығы «Үш жүздің баласы» деген атау содан пайда болады.
13. Басы:
.بىلايشا اتامىز قازاق ءاناس اۋليەدەن ونىنشى اتادا دۇنيەگە كەلىپ، اتامىز قازاق بالالارى ءۇشىنشى جانە ءتورتىنشى اتاعا جەتكەن كەزدە بۇقاراعا قاراعان جەرگە كەلگەن ەدى
14. Соңы:
.وزگەسىنىڭ ءوسىمى كەم بولىپ، اقىرىندا تۇقىم قالمادى دەيدى. ءتامام
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек