∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шежіре

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шежіре
3. Авторы (Айтушы)
Жағал Таушанов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Орымбай Өтемәмбетов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
886/4
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 42; Ж. 19; 20,2х16,6; 17,5х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Күлтөбенің басына үш жүздің билері жиналып, пір сайламақ болады. Әрқайсысы өз пірін ұсынып, келісе алмай, одан кейін Сүпі әзі пірді өз орталарына алуға таласады. Сүпі әзі төрелік айтады: «Үш жүзден үш отау тігіңдер. Мен екі ақсарбас қу етіп аруағымды аспанға ұшырайын. Сол қай жүздің отауына келіп қонса, сол жүзде болайын». Сонда екі ақсары бас қу болып Әйтеке бидің төріне қонған екен. Кіші жүз елінде зор қуаныш болып, Әз Тәукені хан сайлап, Сүпі Әзіні пір сайлап, қалмаққа қарсы аттанады. Мұнан соң Шөмен атадан тараған белгілі адамдарды айтып, Әлімге көшеді. Әлімнің алты баласынан тараған аталарды сөз қылады.
13. Басы:
Бұрынғы өткен заманда, / Ел жағасы аманда / Төрт түлік малды айдапты / Жақсы менен жаман да.
14. Соңы:
Былшық би айтқан нұсқаны / Шежіре өлеңге аударып, / Құрманалы жырауың / Көп алдында толғанды.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек