Ұлы жүз Дулаттың баласы Ботпай өз заманында елден асқан байдың бірі болған. Осы Ботпаймен замандас Хорасан қожаның тұқымы Аппақ ишан өтіпті. Аппақ ишан ел-елді аралап ислам дінін үйреткен. Ишанның қасында Тәсін қожа баласы діндар, емші Алдияр деген кісі бірге жүрген. Күндердің күнінде жолы түсіп, қожалар Ботпай ауылына келеді. Ботпай ишанды үлкен құрметпен қарсы алып, ауылына үш ай ұстап қонақ қылады. Сонан бір күні бай ишанға құдандалы болғысы келгенін айтады. Аппақ Ишан Ботпайдың қызы Қалыкүлді жанындағы Алдияр қожаға тапсырады. Алдияр қожа елшілік жұмысымен айналысып, бір жылдан астам уақытқа Ботпай ауылында қалып қояды. Алты айдап соң Ботпай ауылына қалмақтар шабуыл жасап, бар малын айдан әкетеді. Сол шапқыншы қалмақтармен соғыста Ботпай ауылының көп адамдары қырылып, солармен бірге Алдияр да қаза болады. Жаугершіліктен кейін Алдиярдың әйелі Қалыкүл ұл туыпты, бірақ көп ұзамай өзі де қайтыс болған. Жаңа туған сәбидің атын Ботпай «Хоралас» қойып, бәйбішесінің қойнына салып, тәрбиелеп өсірген. Хораластан екі бала: Қарақойлы, Қарақосай дүниеге келеді.