Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жыр қысқа-нұсқа айтылған. Жаңа түскен келінге әдеп, әдет, салт-дәстүрдің сақталуы тиістігі айтылған. Тұрмыста кездесетін кейбір қиындықтардың да өткінші болатындығын жеткізіп, қосылған жары өзінің теңі екенін айтып, ел-жұртқа сәлем салғызады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар жырда бірінші келінге ақылын айтып, міндеттерін санамалап береді. Келінге тән жақсы қасиеттерді тізіп өтеді. Кейін ретімен қайын атасы, енесі, қайын ағасы, абысындары, құрдастары, қайын сіңлілеріне, қайныларына сәлем салғызады. Тек соңынан тұтас ел-жұртты атайды. Жыр соңында келін өз теңін тауып келгендігі туралы айтылады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Жырдың басында беташарды орындаушы жаңа түскен келінге бірінші өсиет айтады. Бұл беташар жырдың басқа беташар жырдан ерекшелігі сәлем салынатын жандардың есімдері аталған. Сондай-ақ сол жандарды сипаттауда орындаушы олардың жеке қасиеттерін қалжыңмен, әжуалап берген.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар жырды орындаушы бірінші сөзін келіннің атқаруы керек міндеттерінен бастайды. Сол міндеттерін дұрыс орындағанда атасының батасын алатынын білдіріп, қайын атасына сәлем салғызады. Бұдан кейін ене мен келін арасындағы байланысты айтып, қолы ұзарған ененің қандай күйде болатынын сипаттап, енесіне сәлем салғызады. Келесі кезекте қайын аға, қайын інілері, абысындары жайлы айтып, оларды әрдайым сыйлап тұруы керектігін жырына қосады. Жыр соңынан барша жұртқа сәлем салғызады. Беташар жыр шұбыртпалы ұйқаспен жазылған.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар жырда бірінші келіннің қайынағаларының ерекше тұлғасын сипаттап, одан кейін абысындарымен қарым-қатынасына байланысты өсиетін айтып, бикештері мен қайынінілерінің де ерекшелігін жырға қосып, сәлем салғызады. Тек кейін ғана ел-жұртқа, үлкендерге сәлем бергізеді. Орындаушы ең соңында өзін де жырына қосып, өзіне сәлем салғызады. Ең соңында беті ашылғаннан кейін келінге бата береді.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Бұл беташарды орындаушы әуелі жұрттың назарын өзіне аударып, шулаған топты тыныштандырып, сөзін бастайды. Сол жұрттың билерін сабырға шақырып, келіннің бетін ашатынын айтады. Келіннің қасиеттері мен оның сыртқы келбетінің сипатын айтып, кейін қалың жұрттан бастап сәлем салдырады. Бұдан кейінгі ретте атасына, енесіне, қайынағасы, абысын-ажынынан, қайынінілері мен қайынсіңлілеріне рет-ретімен сәлем салдырады. Олардың әрбірінің ерекшелігін сипаттап өтеді. Келіннің түскен жұрты «жетіру» екенін арнайы атайды. Жыр соңында тағы да келіннің сырты келбетін сөзбен суреттеп, ендігі өмірінің өзгеше болатынын айтады.