Бұл беташарды орындаушы әуелі жұрттың назарын өзіне аударып, шулаған топты тыныштандырып, сөзін бастайды. Сол жұрттың билерін сабырға шақырып, келіннің бетін ашатынын айтады. Келіннің қасиеттері мен оның сыртқы келбетінің сипатын айтып, кейін қалың жұрттан бастап сәлем салдырады. Бұдан кейінгі ретте атасына, енесіне, қайынағасы, абысын-ажынынан, қайынінілері мен қайынсіңлілеріне рет-ретімен сәлем салдырады. Олардың әрбірінің ерекшелігін сипаттап өтеді. Келіннің түскен жұрты «жетіру» екенін арнайы атайды. Жыр соңында тағы да келіннің сырты келбетін сөзбен суреттеп, ендігі өмірінің өзгеше болатынын айтады.