∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Төлепқалиев Молдасейіт. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Шығарма 1957 жылы бұрынғы Гурьев облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.146/4 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.7; П. 7; Ж. 125, 15х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін тор көзді оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Беташар жырды орындаушы бірінші сөзін келіннің атқаруы керек міндеттерінен бастайды. Сол міндеттерін дұрыс орындағанда атасының батасын алатынын білдіріп, қайын атасына сәлем салғызады. Бұдан кейін ене мен келін арасындағы байланысты айтып, қолы ұзарған ененің қандай күйде болатынын сипаттап, енесіне сәлем салғызады. Келесі кезекте қайын аға, қайын інілері, абысындары жайлы айтып, оларды әрдайым сыйлап тұруы керектігін жырына қосады. Жыр соңынан барша жұртқа сәлем салғызады. Беташар жыр шұбыртпалы ұйқаспен жазылған.
13. Басы:
Келін келді, есік аш, Жамандарың кейін қаш.
14. Соңы:
Бұрынғыдай сыйым жоқ, Бәріңізге бір сәлем!
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов