∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қ. Ол туралы мәлімет 1-сипаттамада берілген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1997 жылы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан ауданындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау экспедициясы кезінде жазып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.920/117 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П. 4; Ж.18; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына машинкамен басылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Беташар жырда бірінші келіннің қайынағаларының ерекше тұлғасын сипаттап, одан кейін абысындарымен қарым-қатынасына байланысты өсиетін айтып, бикештері мен қайынінілерінің де ерекшелігін жырға қосып, сәлем салғызады. Тек кейін ғана ел-жұртқа, үлкендерге сәлем бергізеді. Орындаушы ең соңында өзін де жырына қосып, өзіне сәлем салғызады. Ең соңында беті ашылғаннан кейін келінге бата береді.
13. Басы:
Тұлғасына қарасаң, Асқарлы қара таулардай.
14. Соңы:
Қаумалаған көпшілік, Жастарға бата беріңдер!
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов